You are here

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 13 қыркүйек 2013 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласында Бас көлік прокуратурасының Бас прокуратураның Институтымен бірлесіп ұйымдастырған «Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында екі күндік ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Конференцияда атап өтілгендей, өзара сауда айналымының артуы көліктік және логистикалық қызмет көрсетулерде экономика мен халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру, халықаралық көлік желісіне интеграциялану мақсатында ТМД елдерінің көліктік-телекоммуникациялық кешендерінің қарқынды дамуын талап етеді.

Сонымен бірге көлік кешенінің қауіпсіздік қатерлері достастық елдерінде артып келеді және ол жалпы сипатқа ие болып отыр. Сондықтан форумда тәуекелдерге талдау жасалды, сондай-ақ, қазіргі қауіп-қатерлерді азайту жөніндегі нақты шаралар талқыланды.

Конференция жұмысына Белорусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның ғылыми және білім беру мекемелерінің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірлерінен темір жол және әуе көліктері басқармалары органдарының өкілдері қатысты.

Сондай-ақ көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көлік прокуратурасы органдарының, құқық қорғау және арнаулы органдардың рөлі туралы пікір алмасулар жүргізілді.

Конференцияға қатысушылар қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру, салааралық ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тұжырымдама әзірлеу туралы ұсынымдар қабылдады.

Ресей, Белорусь және Украинаның өкілдері форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, осы форумның көліктегі қауіпсіздік саласындағы ТМД елдері арасындағы табысты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін маңызды қадам болатынына сенім білдірді.

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.