Кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстармен күресу туралы

29 ақпан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстармен күресу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Шара білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттердің ведомствоаралық жоспары, сондай-ақ 2015-2017 жылдарға арналған кәмелет жасқа толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық-құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды.

Семинар жұмысына Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ белгілі құқықтанушы ғалымдар қатысты.

Отырыс барысында кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмысты жасаушы адамдар жауаптылығының, осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану және осы санаттағы істер бойынша жедел тергеу іс-қимылдарын жүргізудің өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіруге ықпал етуші ұсынымдар әзірленді.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу