You are here

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

No Adobe Flash Player installed. Get it now.

Меморандумға қол қою рәсімі

Бүгін Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаев пен Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісімге қол қоюдың маңыздылығын жеткізе отырып, А.Дауылбаев балалардың амандығын және қорғалуын қамтамасыз ету мемлекеттің негізгі ұлттық басымдықтарының бірі болып табылатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, Бас Прокурор атап өткендей, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру балалықтың сөзсіз қорғалуы керектігі туралы конституциялық норманы жүзеге асырудың кезекті бір қажетті қадамы болды.

Меморандум аясында тараптар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы көкейкесті мәселелерді шешуге, проблемалық сұрақтарды анықтауға және оларды шешу жолындағы кешенді шараларды қабылдауға бағытталған күш-жігерді біріктіруге ниетті.

Құжаттың негізгі мақсаты іс-әрекеттің ашықтығы және тиімділігі қағидалары негізінде балалар құқықтарының кепілдігі мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттер жасау болып табылады.

Жүргізіліп отырған жұмыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі ортақ ұсыныстарды жүзеге асыру үшін тараптар өзара іс-қимылдың әртүрлі формаларын пайдалануға, ақпаратпен тұрақты алмасуды жолға қоюға келісті.

Атап айтқанда, ынтымақтастықты кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын әрекет етуші заңнаманы талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ақпаратпен тұрақты алмасу, азаматтық қоғам өкілдерімен байланысты кеңейту бағыттарында іске асыру жоспарлануда.

Сондай-ақ Бас Прокурор кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатынын атап көрсетті.

2015 жылы кәмелетке толмағандар туралы заңнаманың қолданылуын қадағалау саласында 2 278 тексеріс жүргізілді, 91 614 заң бұзышылық анықталды, 2 498 ұсыныс қаралды, 181 наразылық қанағаттандырылды, ықпал ету шаралары бойынша 354 заңсыз актінің күші жойылды және өзгертілді, 1 209 заңды түсіндіру жүргізілді, 715 алдын-ала ескерту жарияланды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 8 302 тұлға тәртіптік, 2 707-әкімшілік, 323-материалдық жауапкершілікке тартылды, 54 қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 269376 кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.