You are here

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды толық тіркеу жайын тексерудің нәтижесі туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура ішкі істер органдарының әкімшілік құқық бұзушылықтарды толық тіркеу және қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру жайына тексеру жүргізді.

Тексеру анықтағандай, халықтың қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне қатысу белсенділігі артып отыр, алайда ішкі істер органдарының азаматтардың арыздарын қарауының бүгінгі жағдайы «нөлдік төзімділік» саясатын қажетті деңгейде жүргізіліп отыр деуге келмейді.

Ағымдағы жылың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ұсақ құқық бұзушылықты тіркеу динамикасы былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 2,5 есе (1 267,0 мыңнан 531 мыңға дейін) азайған.

Прокурорлардың тексеру қорытындысы бойынша белгіленген тәртіпте  тіркелмеген және кінәлі адамдарға әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылмаған 42 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Мәселен, алкагольді ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас болып жүру фактілері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері анық та даусыз бола тұра, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылмастан азаматтар ішкі істер органдарына әкелініп, кейбір жағдайларда Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарына орналастырылған.

Алкагольді мас күйінде көлік жүргізген адамдарға да тиісті жаза қолданылмаған.

Тексеру қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс жолданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.