You are here

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекстегі елеулі өзгерістер

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Кодекс 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді.

ӘҚБК жалпы бөлімінің елеулі өзгерістері лауазымды тұлға ретінде жауапты болатын тұлғалардың қатарын қайта қарау болып табылады. Осылайша,тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілдік бойынша әкімшілік құқық бұзушылық орын алған мезетте өкімет өкілінің қызметін атқарған немесе атқарушы немесе әкімшілік құқық бұзушылық болған мезетте мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік сыңайлы сектордың субъектілерінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ұйымдық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтерді орындаған немесе орындаушы тұлғалар Кодекстің лауазымды тұлғалары болып танылады.

Бұл біріншіден, әкімшілік жауакершілік субъектісін анықтау барысында сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына түрткі болатын жағдайларды болдырмау және бір құқық бұзушылық үшін лауазымды және заңды тұлғаларды бір уақытта жауапқа тарту мәселесін жою қажеттілігінен туындап отырған жайт.

Кодекстен келесілер шығарылды: саналы түрде өкіну, жағдайдың өзгеруі және ауруға шалдығумен байланысты елеусіз құқық бұзушылық болғанда әкімшілік жауапкершіліктен босату тәртібін реттейтін нормалар; әкімшілік құқық бұзушылықтың нысаны немесе қаруы болып табылған затты ақысына басыбайлы алу ретіндегі әкімшілік жазаның түрі.

Орта кәсіпкерлік субъектілері активтерінің құны бес есе көп, ал айыппұл санкциясы-шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салынатын айыппұлмен бірдей болғандықтан, Кодекстің айрықша бөлімінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің сараланған жауапкершілігі қарастырылған.

Сыбайлас жемқорлық факторын жою үшін айыппұлдың нақты көлемі анықталған.

ӘҚБК Рәсім бөлімінде тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартудың сараланған рәсімі келтірілген (қысқартылған және жалпы тәртіп). Сонымен бірге, салық заңнамасы аясында орын алған және автоматты режимде жұмыс жасайтын сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және аспаптарымен тіркелген құқық бұзушылық әрекеттер бойынша жауапқа тартудың бұрын қолданыста болған ерекше тәртібі үшін айрықша жағдайлар сақталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша қысқартылған рәсім, жеке тұлға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен бірге алған түбіртек бойынша айыппұлды төлеген жағдайда іске асады (тұлға құқық бұзушылық фактісімен келісіп, өз кінәсін мойындайды және айыппұлды өз еркімен төлейді, сондай-ақ наразылық білдірмейді).

Сонымен бірге, қысқартылған тәртіп үшін, тұлғаға хаттама табысталған уақыттан бастап жеті күннің ішінде айыппұлдың жалпы сомасының 50 % төлеу мүмкіндігі есебінде ынталандырушы механизм қарастырылған. Егер тұлға құқық бұзушылық фактісімен келіспесе, іс жалпы тәртіп бойынша қаралады (811-бап, 3-бөлім).

Мерзімді есептеу институты қайта қаралды. Осылайша, мерзімді есептеу барысында құқықты айқын әрі бір мәнді қолдану мақсатында, мерзім тәулікпен өлшенетін жағдайды қоспағанда, оған жұмыстан тыс уақыт кіреді (739-бап).

Азаматтық процессуалдық кодекстің 11-тарауымен сәйкестік бойынша әкімшілік құқық бұзушылық істеріне қатысты рәсім қатысушыларын хабардар ету институты жетілдірілді (743-бап).

Жауапкершілікті жеңілдету жағдайлары орын алғанда, сотқа, органға (лауазымды тұлғаға) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлғаға салынатын әкімшілік айыппұлдың сомасын айыппұлдың жалпы сомасының 30 % кем емес сомаға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін норма енгізілді (819-бап).

ҚР ҚПК (2015 жылдың 1-қаңтарынан кейін өз күшін жойған) 129 бабының ұқсастығы бойынша, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану институты енгізілді. Бұл өз кезегінде қоғамдық жерлердегі бейне камера, көлік бейне тіркеу құралдары арқылы алынған мәліметтің жарамдылығы жөніндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді (778-бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу шараларының институты жетілдірілді. Жекелей алғанда, тұлғаның өзін тексеру, оның жеке заттарын, көлікті тексеру секілді іс-шаралар толық өңделді (тексеру жүргізу тәртібі әр түрлі және ол Кодекстің әр түрлі 785-801 баптарымен көзделген).

Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметінің кейбір түрлерін немесе толық қызметін уақытша тоқтату секілді тың шара енгізілді, бұл адам денсаулығына қауіп төндіру, қоршаған ортаға зиян тигізу сияқты теріс әрекеттердің, техногенді сипаттағы апаттың, індеттің және т.б алдын алумен негізделеді (801-бап).

Аталған шаралар Кодекстің 48-бабының 4-бөліміне сәйкес, қызметті немесе оның жеке түрлерін соттың шешімінсіз тек ерекше жағдайларда ғана міндетті түрде көрсетілген мерзім ішінде сотқа талап арыз жазу арқылы тек жеті күнге аспайтын мерзімге ғана тоқтату немесе тыйым салуға болатынына байланысты қарастырылады (801-бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға сол істің құқық қорғаушы органдар қызметінде орын алатынына орай, іс бойынша екі және одан көп шара қолдану мүмкіндігі бекітілді.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша қаралатын істің қатысушыларының заңды мүдделерін және құқықтарын қорғау, істі тиянақты қарау мақсатында, Кодексте соттың бірінші инстанциясында сот отырысының хаттамасын енгізу көзделген.

Егер, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға өз кінәсін толық мойындап, дәлелдерді зерттеуді талап етпесе, бұл кезде хаттаманы жүргізу міндетті емес. Азаматтық процесспен ұқсастық бойынша хаттамада осындай деректемелер мен ескертуді ұсыну тәртібі көрсетіледі.

Жаңа Кодексте әкімшілік-процессуалдық нормалар бір жүйеге келтірілген. Соның ішінде, бұған дейін АПК нормаларымен (26-тарау) реттелетін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қарауға құзыретті органдардың (лауазымды тұлғалар) қаулысын қайта қарау тәртібі 45-тарауға көшірілді (әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өз күшіне енбеген қаулыларды қарастыру).

АПК 26-тарауының тәртібінде бұған дейін іс жүзінде қарастырылған істер азаматтық деп аталды, бұл өз кезегінде оларды қарау және АПК немесе ӘКБК ережелерін қолдану кезінде қиындықтар туғызды. Осы жаңашылдық іс жүзінде пайда болған мәселелерді шешу үшін әзірленді. 

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істі қарау барысында, азаматтардың лауазымды тұлғалардың нақты іс-әрекеттерімен (әрекетсіздік) келіспеген жағдайлары болды.

Кодекстің редакциясында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізуші органның (лауазымды тұлғаның) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану бойынша 44 жеке бабы берілген. Рәсімнің мәні, әкімшілі құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуші органның (лауазымды тұлғаның) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жоғарыда тұрған органға (лауазымды тұлғаға) және (немесе) арнайы аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағымдану болып табылады.  Шағым жазбаша және ауызша түрде болады. Ауызша шағым шағымданушы мен шағымды қабылдаған лауазымды тұлға қол қойған хаттамаға енгізіледі.

Шағымды ұсыну шағымдалған іс-әрекеттің рәсімін және шешімнің орындалуын тоқтатпайды.

Тұлға өз құқықтарының, еркіндігі мен заңды мүдделерінің бұзылғандығы туралы білген күннен бастап екі айдың ішінде сотқа және (немесе) жоғары тұрған органға (лауазымды тұлға) шағымдануға құқылы.

Мерзімнен кеш қалу шағымды қайтаруға негіз бола алмайды. Мерзімнен кешігудің себептері шағымды қарау барысында анықталады және шағымды қанағаттандырмаудың бір себебі болуы мүмкін.

Шағымдар келген күннен бастап он тәуліктің ішінде қаралады. Шағымды қараудың нәтижесі бойынша шағымға жауап беру немесе қанағаттандырмау туралы шешім қабылданады, шағым қанағаттандырылмаған жағдайда жоғарғы сотқа он күннің ішінде шағымдануға болады, соттың шешімі қайта қарауға, наразылық білдіруге жатпайды.

Әкімшілік рәсімдегі жаңадан пайда болған жағдайлар бойынша өз күшіне енген сот актілерін қайта қарау Институтының болмауы, Бас прокуратураның наразылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша Жоғарғы соттың қаулыларын қабылдамаудың шектен тыс рәсімін тудырды.

Сондықтан, Кодексте жаңадан пайда болған жағдайлар бойынша өз күшіне енген сот актілерін қайта қарау институты қарастырылды, соған орай өтініш беру арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі берілді (47-тарау).

Азаматтарға және заңды тұлғаларға әкімшілік істер бойыншакүшіне енген сот актілеріне қатысты өз бетінше шағым жазу мүмкіндігін ұсыну мақсатында, Кодексте облыстық және оған теңестірілген сотта қосымша шағым беру инстанциясы көзделген.

Мұндай қайта қараудың ерекшелігі, Жоғарғы сот арқылы қадағалау тәртібімен шағым жазудың шағым беру тәртібін сақтағанда ғана сот актілерін қайта қарау мүмкін болады.

Бұл кезде, тұлғаның немесе өзіне қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылған тұлғаның  жағдайын төмендетуші тарапқа, соттың шешімі шығарылған күннен бастап алты айдың ішінде шағым арызды беру немесе наразылықты білдіруге болады. Соған байланысты, істі қарау заңсыз түрде тоқтатылған, шағым беру мерзімінен өткізіп алу немесе дәлелді себепсіз сот актісіне шағымдану болған жағдайларда, сот актісі одан әрі Жоғарғы сотта қаралмайды.

Берік Келжанов,

ҚазақстанРеспубликасының Бас прокуратурасы

департаментібөлімініңаға прокуроры

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.