You are here

Әкімшілік айыппұлдардың уақтылы және толық өндірілуін қадағалау.

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Әкімшілік заңнаманың қолданылуын қадағалау барысында Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары осы жылдың 7 айында 48 тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 2492 бұзушылық анықталды, прокурорлар заң бұзушылықтарды жою туралы 35 ұсыныс енгізді, прокурорлардың 117 наразылығы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың 347 заңсыз қаулылары бұзылып, өзгертілді. Заң бұзушылықтарға жол берген 46 лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Прокурорлық тексеру барысында әкімшілік айыппұлдардың уақтылы және толық өндіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде бюджет пайдасына жалпы сомасы 109 889 189 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл нақты өндірілді. Мысалы, тек Семей қаласы прокурорының ұсынысымен Семей қаласы ішкі істер Басқармасы құқық бұзушылардан жалпы сомасы 7 млн. астам теңге айыппұл өндірді.

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша жұмысты ширату мақсатында облыс прокуратурасы ҚР ШҚО бойынша АЕ және ҚСКБ, ШҚО ІІД, ШҚО САОД-мен бірлескен акция өткізді.

Акция өткізу кезінде (АПК «ПОТОК») мемлекеттік нөмір белгілерін автоматтық түрде анықтау бойынша іздестіру жүйесі пайдаланылды. Сондай-ақ, аулаларды аралау жүргізілді. ШҚО ІІД-нің учаскелік полиция инспекторлары мен ШҚО сот актілерін орындау Департаменті қызметкерлерінің бірлескен жұмыстары ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.