You are here

Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылы республика  бойынша 3 695 мың  әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, ол 2013 жылғы көрсеткіштен12,3 пайызға  артық (3 288 мың).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өңдіріп алу деңгейі  алғаш рет 60 пайызға жетіп отыр. 2013 жылы бұл деңгей 53 пайыздықұраса, 2012 жылы өңдіріп алу 30 пайызға  да жетпеген еді.

Әкімшілік практика субъектілері 104,5 млрд. теңге сомасында айыппұл салса, оның 62,8 млрд. теңгесі өндіріліп алынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

41,7 млрд. теңге өтелмей қалып отыр, олардың ішінде ең көп берешек Алматы (10,7 млрд.) және Астана қалаларының(3,3 млрд.), Алматы (3,6 млрд.), Атырау (3,3 млрд.), Ақтөбе (3 млрд.) және Қызылорда (6,6 млрд.) облыстарының үлесінде.

Салық заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдар бойынша өндірілмеген соманың ең үлкен қалдығы 25 629 млн. теңге болса, ішкі істер органдары бойынша 12 239 млн. теңге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы бұзушылық бойынша 1 521 млн. теңге болып отыр.

2014 жылдан бастап Құқықтық статистика комитеті әкімшілік айыппұлдар және атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлердің деректер қорын жүргізіп келеді.Онда айыппұлдарды өздігінен төлемеген борышкерлер туралы мәліметтер жинақталады. Сондай-ақ Әділет министрлігінің деректер қорынан сот шешімі бойынша шет елдерге шығуға, лицензиялар мен рұқсат қағаздарын беруге шектеу салынған қасақана төлемеушілер туралы деректер алынады. Азаматтың мұндай есепте тұратындығы туралы біздің сайттан білуге болады.

Мұнда Сізде әкімшілік айыппұл бойынша берешектің болуы туралы ақпарат алуға, сондай-ақ нақты уақыт режимінде оны төлеуге болады. Ол үшін «Ақпараттық сервис» бөліміне кіріп, «Айыппұлдар туралы мәліметтер»  терезесін таңдап,  өзіңіздің дербес деректеріңізді, ЖСН және жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірін толтыру қажет. Егер орталықтандырылған деректер қорында қарыздың бар екендігі туралы Сізге қатысты мәліметтер болса, олар экраннан көрінеді. «Төлеу» деген терезені басу арқылы Электронды үкімет порталының төлем қызметіне өтіп, екінші деңгейлі банктің төлем картасынан төлеуді жүзеге асыра аласыз.

Айыппұлдың мұндай жолмен төленгендігі туралы ақпарат бірден Комитеттің орталықтандырылған деректер қорына түседі.

Айыппұлдың бар екендігі туралы ақпаратты шұғыл алу үшін сайтта ұялы телефон нөмірін немесе электронды пошта мекен-жайын көрсету қажет. Сонда Комитеттің орталықтандырылған деректер қорына мұндай ақпарат түскенін бірден біліп отырасыз.

Егер сайтта төленіп тасталған әкімшілік айыппұл туралы ақпарат көрініс берсе, онда Комитеттің тиісті аумақтық басқармасына хабарласу қажет.

 

ҚР  БП Құқықтықстатистика

және арнайы есепке алужөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.