You are here

Келісімге қол қойылғандығы туралы Баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 19 қарашада Будапешт қаласында Қазақстан Республикасы Бас покуратурасының Еуропа елдері мен халықаралық ұйымдардағы арнайы өкілі Ұлан Байжанов пен Венгрияның Мемлекеттік басқару және әділет министрлігінің Мемлекеттік әділет министрі Д-р. Роберт Репаши «Қазақстан Республикасының Бас покуратурасы мен Венгрияның Мемлекеттік басқару және әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы» келісімге қол қойды.

Жүргізілген келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы құқықтық саладағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігін атап көрсетті. Осындай өзара іс-қимылдар аясында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы, сотталған адамдарды экстрадициялау және беру туралы мемлекетаралық келісім-шарттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстар аяқталып келеді, оларға қол қою өзара келісім бойынша келесі жылдың басына белгіленген.

Ұ.Байжанов Қазақстанның Қылмыстық сот өндірісі мен сыбайлас жемқорлық саласындағы Еуропа Кеңесінің Конвенцияларына қосылуы мәселесінде қолдау көрсеткендері үшін венгриялық тарапқа ризашылық білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.