Келін ұрлау дерегі бойынша тексеріс туралы БАҚ үшін ақпарат

17 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Соңғы күндері бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы келін ұрлау туралы бейнероликті көрсетумен байланысты жарияланымдар пайда болды.

Заңға сәйкес, адамды ұрлау мүлкiн тәркiлеп, 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікке әкеліп соғатын қылмыстық жазаланатын әрекеттің құрамын құрайды.

Осындай қылмыс жасау туралы мәліметтер келіп түскен кезде құқық қорғау органдары кінәлі тұлғаларды әшкерелеу және оларды жауапкершілікке тарту бойынша жан-жақты шаралар қолданады.

Аталған бейнероликте көрсетілген оқиғалар да тексерілді. Жас жұбайлардың жеке бастары анықталды.

Ерлі-зайыптылардың түсіндіруі бойынша, олар ағымдағы жылғы тамыздың басынан азаматтық некеде тұрады, бұған дейін бір жылға жуық дос болған және жанұя құруды жоспарлаған.

Бұл ретте, жұбайы күйеуінің үйіне өз еркімен келгенін, ал бейнероликтегі еріксіз көндіру сахналарын бұндай жағдайларда қыздың арын сақтаумен байланысты дәстүрді көрсетуге талпынумен түсіндірді.

Келтірілген жағдайларға байланысты жоғарыда көрсетілген ролик бойынша құқық қорғау органдары құқықтық ықпал ету шараларын қолданған жоқ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу