You are here

Қазақстанның Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасын экстрадициялау туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 7 қыркүйегі)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін қазақстандық құқық қорғау органдарының өкілдері Статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы Анар Мешімбаеваны Мәскеу қаласынан Астана қаласының әуежайына алып келді, оны сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені (ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «б», «г» тармақтары), сондай-ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы берді.

А.Мешімбаеваны беру Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция шеңберінде жүргізілді.

Ресей Федерациясының Бас  прокуратурасы құқықтық көмек көрсету және іздестіруде жүрген тұлғаларды экстрадициялау мәселелеріндегі Қазақстан Бас прокуратурасының негізгі серіктесі болып табылады. Құқық қолдану қызметіндегі қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастар тату көршілік, тығыз өзара іс-қимыл және өзара түсіністік қағидаларында жүзеге асырылады.

Екі ведомствоның келісілген әрекеттері көптеген мәселелерді тез және тиімді шешуге мүмкіндік береді, бұл қылмыспен күрестегі ортақ мақсаттарға сәйкес келеді.

А.Мешімбаева Астана қ. ІІД уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Қылмыстық істі тергеуді Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жүргізетін болады. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.