You are here

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі А. Волковтың Грек Республикасының Бас прокурорымен жүздескендігі туралы БАҚ-қа ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Волков Грекия Жоғары сотының Бас прокуроры Ксени Димитриу-Василопулу ханыммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар ҚР Бас прокуратурасы және                      ГР Жоғары сотының Бас прокуратурасы арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қою мәселесін талқылады.

Елші К.Димитриу-Василопулу ханымға еліміз тәуелсіздік алған кезден, яғни 1991 жылдан бастап қатарына ЕО елдері, АҚШ, Қытай, Үндістан, Канада секілді елдер кірген 46 мемлекетпен қылмыстық іс- жүргізу бойынша келісімдерге қол қойғанын баяндап берді.

Бұған қоса, А.Волков Қазақстан 2015 жылы құқықтық қатынастырдың тірегіне айналған, посткеңестік елдер ішінде алғашқы болып, Еуро Одақпен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық Келісіміне қол қойған жалғыз ел екенін атап өтті. Елші аталған құжат ҚР Парламентімен және бірқатар еуропалық мемлекеттермен ратификацияланғанын, сонымен қатар бүгінгі таңда Грекия Парламентінде келісу рәсімдерінен өтіп жатқандығына тоқталды. 

Елші жоғары аталған Келісім шеңберіне сот төрелігі, миграция мәселелері, терроризм, ұйымдастқан қылмыс және жемқорлықпен күрес кіретінін ескере отырып, екіжақты шарттық – құқықтық базаны күшейтуді көздейтін ведомствоаралық өзара түсіністік келісіміне қол қою мен қазақстандық әріптестермен келіссөздер өткізу мақсатымен Астанға сапармен шақырды.

Өз кезегінде, К.Димитриу-Василопулу ханым жоғары баяндалған қадам екіжақты ынтымақтастықты нығайтатынымен келісіп, Астанаға орын алар сапар барысында грек тарапының ведомстволар арасында өзара түсіністік Меморандумына қол қоюға әзір екендігін жеткізді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.