You are here

Қазақстанның Бас Прокуроры Иорданияның Сыртқы істер министрімен бірқатар келісімдерге қол қойды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2 қараша 2017 жыл, Астанa. 2017 жылғы 1 қарашада Иордания Королі Абдалла II бен аль-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры                     Ж.Қ. Асанов және Иордан Хашимит Корольдігінің Сыртқы істер және экспатрианттар министрі Айман Хусейн Ас-Сафади қылмыспен күрес саласындағы мемлекетаралық келісімдерге қол қойды.

Атап айтқанда, іздестіріліп жүрген қылмыскерлерді экстрадициялауға бағытталған Ұстап беру туралы келісімге, қылмыстарды тергеу кезінде құқық қорғау органдарының өзара әрекеттесуін реттейтін Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімге, сондай-ақ екі мемлекет азаматтарына шетелдің соты тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өз отанында өтеуге мүмкіндік беретін Сотталған адамдарды беру туралы келісімге.

Иордания Қазақстанмен қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында осындай халықаралық шарттарды жасасқан араб әлемінің кезекті елі болып табылады.

Біздің ел бұдан бұрын осындай келісімдерге Сауд Арабия Корольдігімен және Біріккен Араб Әмірліктерімен қол қойғанын еске саламыз.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 7172 71 28 19
8 7172 71 27 05

 

Анықтама: Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан және Иран сияқты мемлекеттерді қосқанда 29 елмен 57 екіжақты шарттарды жасасты, олардың ішінде      26 – қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы, 16 – ұстап беру туралы және 15 – сотталғандарды беру туралы.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.