Қазақстандық прокурорлардың тәжірибесі Халықаралық прокурорлар қауымдастығының қызығушылығын тудырды

17 шілде 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы, 2018 жылғы 17 шілде. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Халықаралық прокурорлар қауымдастығының Президенті Герхард Ярошпен кездесу өтті.

Кездесудің басты мақсаты – еліміздегі қылмыстық сот төрелігі саласындағы реформалармен таныстыру.

Қазақстанның халықаралық түрме рейтингісінде 3-тен 82-деңгейге көтерілуіне себеп болған Қазақстанның қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселелері шетелдік әріптестердің қызығушылын тудырды.

Нәтижесінде соңғы 27 жылда еліміздегі түрмедегілердің саны 66 мыңға азайды (100 мыңнан 34 мыңға). 8 колония жабылды. Жыл сайынғы бюджет қаражатының үнемділігі 12 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте, түрмедегілер санының азаюы криминогенді жағдайды нашарлатқан жоқ, керісінше жыл сайын қылмыстардың қайталануы 7-10% төмендеу үстінде.

Кездесу барысында қылмыстық процесті цифровизациялау жобасын іске асыруды талқылай келе, жыл басынан бері 4 мыңнан астам қылмыстық іс электорондық форматта тергеліп жатқандығы айтылды.

Бүгінгі күнге дейін 1,8 мың іс сотқа электронды түрде жолданды. Оның ішінде 1,3 мыңы қарастырылып, тиісті шешімдер шығарылды.

Шетелдік қонақтар қазақстандық әріптестерінің пікірлерімен келісті, яғни істерді жаңа форматта тергеу қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын сақтау кепілдігін береді, дәлелдерді бұрмалау мен сан түрлі заңнаманы бұзу фактілерін азайтатынына сенім білдірді.

Кездесу соңында Герхард Ярош қазақстандық тарапты конструктивті тәжірибе алмасқандығы үшін алғысын жеткізді, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Қазақстандық прокурорлардың тәжірибесі Халықаралық прокурорлар қауымдастығының  қызығушылығын тудырды - 149903575
Қазақстандық прокурорлардың тәжірибесі Халықаралық прокурорлар қауымдастығының  қызығушылығын тудырды - 736807464

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу