You are here

«Қазақстандық қылмыстық ортаға шетел криминалитетінің ықпал етуі, оған қарсы тұру мәселелері» атты аймақаралық семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты (Орал қ., 12 маусым 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен «Қазақстандық қылмыстық ортаға шетел криминалитетінің ықпал етуі, оған қарсы тұру мәселелері» тақырыбында  Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және ЭҚСЖҚА, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстары прокуратуралары өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ сарапшыларының  қатысуымен аймақаралық семинар болып өтті.

Семинарда аталып өткендей, трансұлттық қылмысқа қарсы әрекет етуге бағытталған әртүрлі елдердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтері бірігуінің маңыздылығы қылмыстың біртіндеп жаһандық сипатқа ие болып отыруымен байланысты. Шектес мемлекеттердің қылмыстық элементтерінің бірігуі мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қауіп келтіреді.

Қылмыстық қауымдастықтарды ең алдымен контрабанда каналының бірі ретіндегі елдің географиялық орналасуы қызықтырады. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір аймақтарында  есірткі трафигі, жасырын мұнай айналымы саласындағы ұйымдасқан қылмыс проблемасы өзекті болып отыр, шектес аудандардағы мал ұрлығының ауқымды сипат алуы  ерекше қауіп туғызуда.

Кеңес барысында трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету бойынша шекаралық ынтымақтастық пен ведомствоаралық өзара байланыс жасаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Жұмыс қорытындылары бойынша кеңеске қатысушылар мемлекетаралық және аймақаралық сипаттағы қылмыстардың алдын алу мен жолын кесуге, экономикалық мүдделерді қорғау, контрабанда және терроризм, діни экстремизм, есірткілік және психотроптық заттардың, сондай-ақ қарудың заңсыз айналымымен  күресуге бағытталған келісілген шараларды қабылдау шеңберінде ұсыныстар қабылдады.

Атап айтқанда, осы мақсатта уәкілетті органдарға трансұлттық қылмыстық ұйымдарды құрумен, криминалды белсенділердің шетел криминалитетінің өкілдерімен байланыстарын, ұйымдасқан қауымдастықтардың қаржылық және мүліктік негіздерін, қылмыстық жолмен табылған қаражаттың ізін жасыру түрлері мен әдістерін анықтаумен байланысты қылмыстар туралы, Қазақстан аумағында құрылған көлеңкелі ақшалай қаражат ағынына шетел криминалитетінің араласу фактілері жөніндегі жедел ақпаратпен алмасу бойынша жұмысты жандандыру  ұсынылды.

Сондай-ақ,  мұнайды жасырын тасымалдау саласында трансшекаралық ұйымдасқан қылмысқа қарсы әрекет ету бойынша бірлескен операцияларды және жедел-іздестіру шараларын өткізу ұсынылды.  

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының құқық қорғау органдарына балықтың бағалы тұқымдары мен оның уылдырығының заңсыз айналымымен байланысты осы салада әрекет ететін ұйымдасқан қылмыстық топтар жасаған қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстарының тиімділігін  арттыру тапсырылды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.