You are here

Қазақстандық құқық қорғау органдарының басшылары Германияға жұмыс сапарымен барды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Майндағы Франкфурт(Германия), 23-24 мамыр 2017 жыл. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Германияда болды.

Сапардың негізі мақсаты шетелдік құқық қорғау мен сот органдарының жұмысы аясында тәжірибе алмасу мен бөлісу,үйрену мақсатында ұйымдастырылған.

Делегация құрамында Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов, ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров, Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, сондай-ақ Жоғарғы сот, ҰҚК, Ұлттық бюро мен МКД-нің өкілдері болды.

Қазақстандық делегация басшысы Талғат Донақов неміс әріптестерінің ыстық ықыластарына алғысын білдірді. Өзінің алғы сөзінде Т. Донақов: «Германия прокуратурасының жұмыс істеуінің ерекшелігі, әсіресе қылмыстық процесс қызықтырады. Біз Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдірудің барысын жасау үстіндеміз» - деп атап өтті.

Жұмыс сапары шеңберінде делегация Майндағы Франкфурт қаласының прокуратурасы ғимаратында болды. Онда неміс әріптестеріміз өздерінің қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі өндірістің ерекшелігі мен ведомства жұмысының ұйымдастырылу тәртібімен бөлісті. Сонымен қатар Учаскелік сот пен Қалалық полиция басқармаларының жұмысымен танысты.

Висбаден қаласында Гессен жерінің Әділет министрлігінің өкілдерімен кездесу өтті.

Өз кезегінде полицейлер бандитизмге, адам өмірі мен басқа да меншікке қатысты қылмыстарды тергеу тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев: «Аталмыш сапар Бас прокуратураның бастамасымен Президент Әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі тақырыбы болып неміс тәжірибесін Қазақстандық қылмыстық процесті жетілдіру тұрғысынан үйрену» - деді.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Ұқсас мәліметтер

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.