You are here

Қазақстандық делегацияның Санкт-Петербург қаласына сапары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстандық делегацияның  Санкт-Петербург қаласына сапары - 322797733

2017 жылғы 29 қараша, Санкт-Петербург. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов ТМД мүше мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 27-ші отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 15-ші отырысына қатысты.

Отырысқа ТМД және ШЫҰ елдерінің - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер-Ауғанстан, Иран және Моңғолия өкілдері қатысты.

ТМД мүше мемлекеттер Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы аясында Бас прокурор Ж.Асанов «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету» тақырыбында баяндама жасады және Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасы аясында қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті.

ШЫҰ талқылауының басты тақырыбы «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қарсы әрекет ету» болды.

Сапар барысында Ж.Асанов Қытай Халық Республикасының Бас прокуроры Цао Цзяньминмен екі жақты кездесу өткізді. Кездесу барысында өзара түсіністік және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Ю.Чайка және Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры М.Хамидимен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19 

Қазақстандық делегацияның  Санкт-Петербург қаласына сапары - 1797363821

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.