You are here

Қазақстандық делегацияның құқықтық ынтымақтастық мәселелері бойынша Берлин қаласындағы ресми кездесулері туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 15 мамыр 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 7-14 мамыры аралығында Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаевтың жетекшілігімен Қазақстанның құқық қорғау органдарының делегациясы жасаған жұмыс сапарының аясында Берлин қаласында  бірқатар келіссөздер жүргізді.

Осындай ресми кездесулердің бірі Федералдық Үкіметтің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша Уәкілі А.Лендерстемен Германия Сыртқы істер министрлігінде өтті, онда Қазақстан мен ГФР арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тиянақты пікір алмасу болды. Кездесуге ГФР СІМ-нің құқықтық бөлімінің және Еуропа Кеңесі жұмыс тобының жетекшілері, Германия Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі және Бас прокуратурасының жауапты қызметкерлері қатысты.  

Кездесу барысында неміс тарабы құқықтық ақпарат алмасу саласындағы, оның ішінде қылмыстық істер бойынша екіжақты өзара іс-қимылды жоғары бағалай отырып, Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот өндірісі саласындағы конвенцияларына қосылуы бойынша Қазақстанның Страсбургте жасаған кезекті өтінішін толық қолдайтындықтарын білдірді. Осы орайда олар қылмыстық іс жүргізу саласында азаматтардың құқықтарының қорғалуы және пенитенциарлық жүйені жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған реформаларымен танысу үшін  Еуропа Кеңесі делегациясының Қазақстанға жұмыс сапарын ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

Қазақстандық тараптың қылмыстық істер бойынша, сотталған адамдарды қайтару және беру туралы екіжақты келісім-шартты әзірлеу және бекіту туралы ұсынысына неміс тарабы қазіргі уақытта ноталық негізде құқықтық ақпарат алмасу бойынша ынтымақтастық барынша жемісті әрі кедергісіз іске асып жатқандығын білдірді.

Сонымен қатар, ГФР СІМ Қазақстан Бас прокуратурасының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы алдын-ала Келісім жасасу туралы ұсынысына оң көзқараспен қарайтынын білдірді. Осыған орай, тараптар осы құжатты өзара бірлесіп пысықтау туралы келісімге қол жеткізді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.