You are here

Қазақстандық делегацияның Грузияға сапары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2017 жылғы 28 маусым, Тбилиси қ. Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен Қазақстандық делегация Қазақстанның қылмыстық процесін жаңғырту аясында құқық қорғау мен сот органдарының тәжірибесін зерделеу үшін Тбилиси қаласына сапарын жалғастырды.

Делегация мүшелері Грузия Жоғарғы Сотының төрағасы Нино Гвенетадземен ханыммен кездесті. Грузия тарапынан кездесуге Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Конституциялық сот, Жазаны орындау және пробация министрлігі, Адвокаттар қауымдастығы, Заңи көмек қызметі, Заң фирмаларының қауымдастығы, Әділет жоғарғы кеңесінің өкілдері, сондай-ақ Тбилиси қалалық және апелляциялық соттардың судьялары қатысты.

Әңгімелесу барысында Грузиядағы сот реформалары мен қылмыстық сот төрелігі жүйесінің мәселелері талқыланды. Грузияның тәжірибесінің ерекшелігі, қысқа мерзім ішінде қылмыстық сот ісін жүргізудің еуропалық үлгісіне көшуді жүзеге асырып, оны өте тиімді қолданатынын атап өткен жөн.

Кездесу соңында қазақстандық делегацияның басшысы грузия тарабына жылы қарсы алғаны үшін алғысын білдірді және құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.

Осы күндері Тбилиси қаласында «Активтерді қайтару және киберқылмыстылық» тақырыбына Халықаралық прокурорлар қауымдастығының VIII Шығыс-еуропалық және орталық-азиялық өңірлік конференция өтіп жатқанын атап өту қажет.

Конференцияға әлемнің 27 елінен 150 қатысушы және 7 халықаралық органдар мен ұйымдардың өкілдерін жиналды. Біздің тарапымыздан оған Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов қатысты.

Прокурорлар ұрланған, оның ішінде электронды валюта түріндегі активтерге тыйым салу мен тәркілеу бойынша халықарылық ынтымақтастықтың, құқықтық көмек туралы сұраулардан тыс ресми емес ынтымақтастықтың, тыйым салынған мүліктерді басқарудың көкейкесті мәселелерін қозғады.

Форум шеңберінде М.Ахметжановтың Грузия, Украина, Беларуссия, Ұлыбритания, Украина, Өзбекстан бас прокуратураларының басшыларымен, сондай-ақ ХПҚ басшылығымен келіссөздері өтті.

Екі жақты кездесу барысында әңгімелесушілер трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, есірткі бизнесімен, киберқылмыстылықпен, экстремизм және терроризммен күресу шеңберінде ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттары бойынша тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ, жиын барысында құқық қорғау жүйесін реформалау, шарттық-құқықтық базаны кеңейту мен нығайту саласындағы қол жеткізген жетістіктер жайлы пікір алмасулар болды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.