You are here

Қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Ұлыбританияда болды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

23 маусым 2017 ж., Лондон қаласы (Ұлыбритания). Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен қазақстандық делегация құқыққорғау мен сот органдарының тәжірибесін Қазақстанның қылмыстық процесін жетілдіруді зерттеу тұрғысындағы жұмыс сапарын Лондон қаласында жалғастырды.

Сапар шеңберінде құқықтық семинар ұйымдастырылды. Онда қылмыстық қудалау, қылмыстық процесте соттар әкімшілігінің ролі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот төрелігін атқарудағы тиімді өзара әрекеттестік жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Қазақстандық делегацияның қызушылығын ағылшын судья, прокурор, полицей мен адвокаттардың сот өндірісінде тепе-теңдікті қамтамасыз ету, сотқа дейінгі өндіріс нысаны, дәледерді бекіту, қылмыстық процесте азаматтардың құқықығын қорғауда адвокаттардың ролі және қылмыстылық ахуалды бағалау жүйесіндегі жұмыс тәжірибелері тудырды.

Сонымен қатар Англия мен Уэльстегі Барристерлер ассоциациясының вице-төрағасы Эндрю Уокер және Корольдің адвокатымен, Англия Жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасының орынбасары Джеймс Льюиспен, Корольдік прокурорлық қызметтің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мен халықаралық әділет басқармасының басшысы Сью Паттенмен, Лондонның Орталық қылмыстық соты Жоғарғы судьяның орынбасары Ричард Маркспен, Алаяқтық қылмыстарды тергеу кеңсесінің тергеу тобының басшысы Джон Гибсонмен кездесулер өткізілді.

Қазақстандық делегация құрамына Жоғарғы соттың Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев, ІІМ орынбасары Рашид Жакупов, Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Адвокаттар алқасының өкілдері кірді.   

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.