You are here

Қазақстандағы «түрмедегілердің санын» азайту бағытындағы шаралар жайлы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Олжас Байканов,

Бас прокуратураның 7-ші Департаментінің

бөлім бастығы

Бас Прокуратура барлық құзырлы органдар бірлесіп қылмыстық-атқару жүйесін реформалауға қатысты бірқатар жұмыстарды жүргізуде. 

Қазақстан 1990-ы жылдары түрмедегілердің саны бойынша АҚШ-тан және  Ресейден  кейін бірінші үштікте болса, 2000 жылдың басында әлемдегі 220 елдің арасында 19-ы орынды иемденіп, бұл сотталғандарды түзету бойынша пенитенциарлық жүйенің тиімділігінің төмен екендігін көрсетті. 

Яғни, қылмыстық заңнаманың қатаңдығы, сот тәжірибесіндегі   жазалаудың жоғарылығы, бітімгершілік институтының әлсіздігі,  сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды кеңінен қолданудағы заңнаманың кедергілері, профилактикалық жұмыстардың жеткіліксіздігі, қайталама қылмыстардың өсуі негізгі себептердің бірі болды. 

Қалыптасқан жағдайды шешу және пенитенциарлық жүйенінің тиімділігін халықаралық  стандартқа сәйкес келтіру мақсатында 2013 жылдан бастап жыл сайын осы саладағы өзекті мәселелерге арналған түрме реформасы форумдары өткізіліп келеді.

2013 жылы өткізілген бірінші форумда бірінші рет «Түрмедегілердің санын азайтудың 10 шарасы» Жобасы таныстырылды.

Бітімгершілік, қамауға алу және бас бостандығынан айыруға байланысты емес бұлтартпау және жазалау шараларын, мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаны жеңіл түрімен ауыстыру институттарын кеңейту бойынша шаралар қабылданды.

Нәтижесінде, үш жыл ішінде сот талқылауына дейін күдіктілер мен жәбірленушілердің бітімге келуі 5 есеге  артқан (2012 жылы - 12570,  2015 жылы - 61475).

Қамау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану 19,2% төмендеді (12552-ден 10132-ге). Кепіл жиі қолданыла бастады. 2015 жылы ол 2014 жылға қарағанда 4 есе көп қолданылған (3711-ден 16217-ге).

2015 жылы қылмысы үшін 20 430 адам сотталған (құқық бұзушылықты қоспағанда), оның ішінде бас бостандығынан айыруға - 6940 немесе 33,9%.

Бас бостандығын шектеу жазасы басымдыққа ие болды (40,5%, 20430-ның 8271-і). Қоғамдық жұмысқа тарту жазасы 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 5 есеге өсті (2,8%-дан 11,6%-ға немесе 660-тан 3392-ге).

Айыппұлдар 21,2%-ға өскен, бұрын 3,5%-дан аспайтын. 2015 жылы ол 3,1 млрд. теңгеге 6 мың адамға қолданылған.

2015 жылы мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жеңіл жазаға ауыстыруды қолдану 2 есеге өскен және 11,6 мыңды құрады немесе өтініш білдіргендердің 70%-ы.

Өткен жылы колониялардағы жаза өтеушілердің саны 17%-ға төмендеген (47,5 мыңнан 39,8 мыңға). Бұл Қазақстанның  халықаралық түрме рейтингісіндегі позициясын жақсатып, 55 орынға көтерілуіне септігін тигізді.

Қабылданған шаралар осы кезге дейін ізгілендірудің негізгі механизмі болып келген рақымшылықты қолданудан бас тартуға мүмкіндік берді (тәуелсіздік жылдарында амнистия 8 рет жарияланғанымен, ол аяқталған соң колонияларға сотталғандарға қайта толады). Амнистия кезінде жасаған қылмысына, жынысына немесе жасына, түзелу жолына түсті ме, жоқ па, оған қарамай жаппай барлығы босатылады. Осымен 4 жыл көлемінде рақымшылық қолданылған жоқ. Біздің елді санамағанда ТМД-ның он бір елінде рақымшылық осы кезге дейін қолданылып келеді.

Бүгінгі күіні әрбір сотталғанның тұлғасы мекеме әкімшілігімен, прокурормен және сотпен  жеке зерттеледі. Нәтижесінде түзеу мекемелерінен түзелу жолына нық түскен сотталғандар ғана босатылуда. Сондықтан түрмедегілердің санын азайту қоғамның қауіпсіздігі мен азаматтардың құқықтық қорғалуын әлсіреткен жоқ.

Сотталғандардың түзелуінің тиімділігін арттыруға «Түрмедегілерді жұмыспен қамту - 2017» жобасы таныстырылған түрме реформасының екінші форумының (2014 жылдың желтоқсаны) ұсынымдарын іске асыру өз ықпалын тигізуде.

Бас прокуратура ұсынған Іс-қимыл жоспарына орындау тек 2015 жылы колонияларға 133 кәсіпкерді тартуға мүмкіндік ашты, олар 1865 сотталғанды жұмысқа орналастырды.

Түрмедегілердің «Сотталғандарға арналған 100 кәсіп», «1000 бизнес-идея», «Бұрынғы сотталғандардың жетістікке жету оқиғалары» ақпараттық материалдарына қол жетімділігі қамтамасыз етілді.

Алғаш рет жеке еңбек қызметі институты жұмыс істей бастады. 25 сотталған жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Олар колонияда үй жанураларын өсіреді, аяқ киім тігеді, сурет салады, сыйлықтар жасайды.  

Сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 51 пайыздан 55-ке артып, олардың жәбірленушілерге қылмыстық жолмен келтірген 846,8 млн. теңге залалды өтеуіне жол ашылды. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. Атап өту керек, қылмыстық жолмен келтірілген залалдарды өндіру сотталғандардың жеңіл жаза түріне ауысу мен мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуының негізгі шарты  болып табылады.

Сотталғандарды түзетудің тиімділігін арттырудың келесі қадамы - 2015 жылдың желтоқсан айында өткізілген үшінші түрме форумы.

Онда «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу!» жобасы таныстырылды. Оның мақсаты - сотталғандардың қоғамның толық мүшесі бола алатындарына сенімін нығайту.

Пенитенциарлық жүйедегі жүргізіліп жатқан реформалардың түпкі мақсаты – қылмыстық жазаларды орындау тиімділігін арттыру, сотталғандарды түзелу жолына түсуіне ықпал ету, олардың қайталама қылмыс жасауына жол бермей, алдын алу, сол арқылы қоғам мен мемлекетіміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.