Қазақстан және Өзбекстан бас прокурорларының кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Ташкент қаласы, 2014 жылғы 7 қазан )

07 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ташкент қаласына іс-сапары аясында Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Рашитжон Кадыровпен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері, оның ішінде терроризммен, экстремизммен, киберқылмыстармен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстармен күрес, заңсыз жолмен алынған табыстарды анықтау, тәркілеу және қайтару саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың ауқымын кеңейту және нығайту мәселелері талқыланды.

Тараптар өзара ықпалдастықтың қол жеткізілген деңгейіне ризашылықтарын білдірді. А.Дауылбаевтың айтуынша, Қазақстанның Бас прокуратурасы өзара түсіністік қағидасына сәйкес қылмысқа қарсы тұру, халықаралық құқықтық көмек көрсету мәселелерін шешу бойынша Өзбекстан Бас прокуратурасымен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Ол сонымен қатар қазақстандық прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары туралы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жөнінде мәлімдеді.

Тараптар халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қазіргі заманға сай міндеттер аясында трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру қажеттілігін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу