You are here

Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Қылмыстық іс жүргізу кодексі жобасының тұсаукесері (Астана қ., ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі, 2013 жылғы 18 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

слайдты жүктеу

Мемлекет Басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында жаңа редакциядағы Қылмыстық іс жүргізу кодексін әзірлеу қажеттігі туралы атап өтілді.

Бас прокуратура Жобаны әзірлеуді оның мақұлданған Тұжырымдамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырды.

ҚІЖК жобасы өзіне 677-бапты қосатын 16-бөлімнен, 72-тараудан тұрады.

Түбегейлі жаңа редакциядағы кодексті әзірлеудің негізгі мақсаты қылмыстық процесті оңайлату және үнемділігін арттыру, оны халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру және азаматтардың конституциялық құқықтарын неғұрлым толық қорғау болып табылады.

Мыналарды атап өтеміз:

1. Қылмыстық процестің бастапқы сатысы одан тергеуге дейінгі тексерулерді және қылмыстық іс қозғауды алып тастау жолымен түбегейлі өзгертілді, ол азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға оң әсерін тигізеді және қылмыстық іс қозғауға дейінгі іс-шаралардың үлкен көлемін өткізуді болдырмайды.

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды және хабарламаны тіркеу не тіркеу алдындағы алғашқы шұғыл тергеу амалдары тергеудің басталғанын білдіретін болады.

Қазіргі таңда тергеуге дейінгі тексеру сатысы өзіне едәуір сыбайлас жемқорлық әлеуетін жүктейді. Қылмыстық іс ресми түрде әлі де болса қозғалған жоқ, бірақ қарап тексерулер жүргізіліп жатыр, құжаттар мен басқа да заттай айғақтар алынуда, шоттар мен мүліктерге тыйым салынуда, арнаулы зерттеулер мен сот сараптамалары және т.б. тағайындалуда.

Яғни, іс жүзінде тергеу жүргізілуде, бірақ өзіне қатысты «тергеу амалдары» жүргізіліп жатқан адамда қандай да болмасын іс жүргізу мәртебесі жоқ және тиісінше оларда ешқандай іс жүргізу құқықтары мен кепілдіктері жоқ. Олардың қорғаушыға, өтініш беруге, іс материалдарымен танысуға және т.б. құқықтары жоқ.

Осындай тергеуге дейінгі тексерулерден кейін кейде айып тағу және істі сотқа жолдау ғана қалады. Сондықтан тергеуге дейінгі тексерулер материалдары көбінесе көлемі бойынша іс қозғаған соң жинақталған материалдардан асып түсіп жатады.

Тергеуге дейнгі тексерудің тағы бір елеулі ерекшелігі айғақтардың қосарлануы, өйткені, азаматтардан алдымен нақты жауап алынады, ал кейін іс қозғаған соң олар қылмыстық қудалау органдарына жауап алу үшін қайта шақыртылады.

2. Конституциялық Кеңестің «нақты ұстау» деген ұғымға қатысты ескертпелері де ескерілді.

Оның ұсталғанға қандай да болмасын іс жүргізу мәртебесін беруіне қарамастан еркін жүріп-тұруын қоса алғанда, бостандығын нақты шектеген сәттен бастап айқындалатыны белгіленді.   

Жеткізу мерзімі нақты ұстаудың жалпы мерзіміне кіретін болады, ол туралы ұстау хаттамасында көрсетіледі.

Егер адам жеткізілген соң іс жүргізу түрінде ұсталмаса, онда оған оның жеткізілгені туралы анықтама дереу беріледі.

Америкалық «Миранда ережесіне» ұқсастығы бойынша адамға оның құқықтары мен міндеттемелерін ауызша жария етуді міндеттейтін норма енгізілді.

Заңсыз ұстау фактілерін болдырмау мақсатында ұстау тәртібін бұзған кезде ұсталғанның қатысуымен жүргізілген тергеу амалдары нәтижесінде алынған дәлелдемелерге жол бермеуді қарастыратын нормалар енгізілді.

3. Францияның және Литваның тәжірибесі бойынша «қорғалуға құқығы бар куә» (ассистентті куә) деп аталатын жаңа іс жүргізу фигурасы енгізілді. Әлі де болса күдікті деп танылмаған, бірақ қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда, хабарламада қылмыстық әрекетті жасаған адам ретінде көрсетілген адам осындай адам болып табылады.

Осы сәттен бастап, адамда куәларда жоқ, бірақ күдіктілерде бар, соның ішінде айғақтар беруден бас тарту сияқты бірқатар құқықтары, алғашқы жауап алғанға дейін қорғаушыға, іс материалдарымен танысуға, сараптама жүргізу туралы өтініш беруге, өзіне қарсы куәлік жасаған адаммен беттестіруге және т.б. құқықтары болады.    

4. Процесті оңайлату және үнемдеу мақсатында тергеу және анықтау органдарының күдіктіге айып тағуы алып тасталады және «айыптау қортындысы» сияқты іс жүргізу актісі алып тасталады.

Бұл іс жүзінде күрделі көпэпизодты қылмыстық істер бойынша құжат жасаудың көп уақыт алатынына және оның көлемді болуына байланысты болып отыр (500 және одан да астам парақ құрайды). Айыптау актісінде іс материалдарының мазмұны егжей-тегжейлі жазылады.

Сонымен бірге, сот қылмыстық істі қараған кезде алдын-ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерді жеке-дара зерттейді және оларға баға береді.

Осыған байланысты, тергеу нәтижелері бойынша қысқаша айыптау актісі жасалатын болады, онда күдікті адам туралы деректер көрсетіледі, жасалған әрекет, саралануы сипатталады, іс бойынша жинақталған дәлелдемелер мен іс жүргізудің шығындары атап өтілетін болады. Осы актіні прокурор бекіткен соң адам айыпталушы болып есептеледі.

Ақталмайтын негіздемелер бойынша сотқа дейінгі тергеуді қысқарту туралы қаулыны да прокурор міндетті түрде бекітуі тиіс.   

5. Қылмыстық процеске «кінәні мойындау туралы мәміле» деп аталатын ұғым енгізіледі, оның негізгі міндеті тергеу органдарымен белсенді түрде ынтымақтастыққа жауап ретінде жасаған қылығы үшін жазаны төмендету туралы келісімге қол жеткізу болып табылады.

«Кінәні мойындау туралы мәміле» үшін жәбірленушінің міндетті түрдегі келісімінің және күдіктінің, сезіктінің азаматтық талап сомасымен келісімінің көзделгенін ескере отырып, жәбірленушінің құқығы күшейтіледі.

Ол елімізде құқықтық тәртіп органы тарапынан азаматтар құқықтарының қорғалғаны туралы қоғамдық пікірге оң әсерін тигізеді деп пайымдаймыз.

Бұдан басқа, осылайша сотқа дейінгі ғана емес, сот ісін жүргізу де оңайлатылатын және жылдамдатылатын болады (іс материалдарын тікелей зерттеу қажеттілігінің болмауы, сот жарыссөзінің болмауы).

Осындай істер бойынша процеске бюджет шығысы аз жұмсалады, өйткені, үлкен көлемдегі тергеу және сот амалдарын, сараптамалар жүргізуге және сотқа куәларды, сарапшыларды, аудармашыларды және т.б. шақырту қажеттілігі туындамайды.

Кейбір елдерде қылмыстық істердің едәуір саны осындай тәртіпте қаралады. Мысалы, АҚШ-та және Грузияда істердің 90% мәміле жасаумен аяқталады. Осындай институт Ресей мен Украинада да пайдаланылып келеді.

Іс жүргізу келісімінің екінші нысаны ынтымақтастық туралы мәміле жасау, ол алдымен сотта бекітіледі, кейін сот жазалау шарасы туралы түпкілікті шешім шығару мақсатында мәміле нәтижелерін қайта қарайды.

Ынтымақтастық туралы мәміле қылмыстық процестің кез-келген сатысында, соның ішінде қылмыстық топтар жасаған қылмыстарды, өзге де адамдар жасаған аса ауыр қылмыстарды, сондай-ақ экстремистік және террористік қылмыстарды ашуға және тергеуге ықпал ететін жағдайда жазаны орындау сатысында да жасала береді.

Мәміле институтын имплементациялау тұтастай алғанда қылмысқа, соның ішінде оның ұйымдасқан нысандарымен қарсы күресте мемлекеттің әлеуетін арттырады, «түрме адамдары» индексін азайтуға оң әсерін тигізеді.

6. Қылмыстық процеске қылмыстық іс бойынша жылдамдатылған іс жүргізу институты енгізіледі, ол күдікті өз кінәсін мойындаған, келтірілген залал (зиян) мөлшерімен (сомасымен) келіскен кездегі жағдайда, аса ауыр санаттағы қылмыстарды есептемегенде барлық санаттағы қылмыстық істерді 15 тәулік ішінде тергеуді аяқтау мүмкіндігін білдіреді.

Бұл ретте, жылдамдатылған тергеуді жүзеге асыратын адамның, күдікті мен айыпталушы қылмыстарының іздерін және кінәсінің өзге де дәлелдемелері тіркелетін тергеу және өзге де іс жүргізу амалдарын, нәтижелерін ғана жүргізу құқығы көзделген.

7. Қылмыстық іс бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жаңа жекелеген тарауда іс жүргізушілік реттелген «жария емес тергеу амалдары» санатына ауыстырылған, ол қылмыстық сот ісін жүргізу мен дәлелдемелерге қол жетімділіктердің қағидаларын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Көптеген шет елдердің, соның ішінде кеңес дәуірі елдерінің ҚІЖК «құпия тергеу амалдары» деген ұғым бар, ол өте дұрыс құбылыс, өйткені, қылмыстық іс бойынша жедел іс-шараларды жүргізудің мақсаты қылмыстарды ашуға және кінәлі адамдарды әшкерелеуге бағытталған дәлелдемелерді жинау болып табылады.

Жария емес тергеу амалдарына прокурордың санкция беруі азаматтарды олардың жеке өміріне заңға қайшы араласудан қорғауға мүмкіндік береді.

8. Сотқа дейінгі іс жүргізуді соттың бақылауын кеңейту мақсатында қылмыстық кодекске «тергеу судьясы» фигурасы енгізіледі.

Тергеу судьясының өкілеттігіне қамауда ұстау, үй қамауында болу және олардың мерзімдерін ұзарту, сот-психиатриялық сараптамасы іс жүргізуі үшін қамауда отырмаған адамды медициналық мекемеге қамау түріндегі бұлтартпау шарасын, мәйітті эксгумациялау, мүлікке тыйым салу, халықаралық іздеу жариялау, кәмелетке толмаған адамды арнаулы мекемеге қамауды санкциялау туралы өтініштерді қарау жатқызылатын болады.

Оның міндеттемелеріне кейбір тергеу амалдарын санкциялаудан басқа сотқа дейінгі іс жүргізу кезеңінде тараптардың шағымдары мен өтініштерін қарау да кіретін болады.

Сот бақылауының шегін кеңейту прокурорлық қадағалаумен қатар сотқа дейінгі іс жүргізу барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың тиімді екісатылы тетігін қамтамасыз етеді.

Қылмыстық қудалау органдарының заңсыз әдістер қолдану фактілеріне жедел мән беру мақсатында азаптаулар туралы шағымдарға судьяның мән беруі рәсімдері регламенттелген.

9. Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес балама бұлтартпау шараларын неғұрлым кең қолдану және Украинаның ҚІЖК ұқсастығы бойынша түрме адмдарының индексін азайту мақсатында Жобада аса ауыр қылмыстар туралы істерді есептемгенде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген кезде тергеу судьясын адамды қамаудан босату үшін кез-келген уақытта енгізілуі мүмкін кепіл мөлшерін айқындауға міндеттейтін нормалар бекітілген. 

Сондай-ақ кепіл жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекеттерді, қылмыстық топ, экстремистік және террористік топ құрамындағы әрекеттерді жасаған, сондай-ақ бұрынғы кепілді бұзған адамдарға қолданылатын болады.

10. Қылмыстық процеске қатысушылардың жарыспалылығын, тең құқылығын қамтамасыз ету, тергеуде әуре-сарсаңға жол бермеу мақсатында қосымша тергеу іс жүргізуі үшін қылмыстық істі соттың қайтаруы институтын алып тастау ұсынылды.

Соңғы бес жылдың ішінде ғана соттар шамамен 4,5 мың адамға қатысты істерді кері қайтарды.

Олар көбінесе бірнеше ай бойы сотта қаралған соң, ал кейбір жағдайларда бірнеше рет қосымша тергеуге жолданып жатады және әрдайым олардың сотта қаралуы қайта басталады, іске қатысушы адамдар айғақтар беру үшін сотқа қайта келуге мәжбүр, ол олардың ызазын тудырады. Азаматтар қылмыстық қудалау және сот органдары қызметінің тиімділігіне күмәндана бастайды.

Қосымша тергеудің болмауы сотқа айыптау не ақтау үкімі түріндегі түпкілікті шешімді бірден шығаруға мүмкіндік береді.

11. Процесті оңайлату және тиімділігі мақсатында куәнің және жәбірленушнің айғақтарын тергеу судьясының депонирлеуі туралы нормалар енгізілді.

Бұл аталған адамдардан басты сот талқылауында жауап алу мүмкін болмаған (шетелдерде жүріп-тұруы, елден тыс кетуді жоспарлауы, ауыр сырқат салдарынан қайтыс болуы және т.б.) жағдайларда дәлелдемелер ретінде пайдаланылатын нақты деректерді соттың бекітуін қамтамасыз етеді.

Жоба сондай-ақ бейнебайланыс құралдарын пайдалана отырып, қашықтықтан жауап алу рәсімдерін қарастырады.

12. Жоба сотталғанға және сотталушыға заң көмегін көрсету бойынша қорғаушының өкілеттіктерін кеңейтеді.

Адвокат тергеу судьясына:

1) айғақтарды депонирлеу туралы;

2) лауазымды тұлғалар сауалды орындаудан бас тартқан жағдайда тиісті заң көмегін көрсету және қорғалушының мүдделерін қорғау үшін кез-келген қажетті мәліметтерді, құжаттарды, заттарды талап ету туралы;

3)  егер қылмыстық қудалау органы осындай өтінішті қанағаттандырудан негізсіз бас тартса сараптама тағайындау және жүргізу туралы;

4)  қылмыстық процесті жүргізуші органға айғақ беру үшін келтіру қиындық тудыратын адамды адвокаттың қамтамасыз етуі, олар бұрын жауап алған куәларды қылмыстық іс жүргізуші органға мәжбүрлеп әкелу туралы мәлімдеме жасауға құқылы болады. 

Қорғау тараптарының қылмыстық істен кез-келген мәліметтерді, соның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып, көшірмелерін түсіріп алуға (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді есептемегенде) арналған құқығы, қорғалушының қатысуымен іс жүргізу амалдарын жүргізетін уақыт пен орны туралы алдын-ала хабарлау құқығы бекітілген.

13. Адвокаттардың кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында Жоба олардың ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалып жатыр немесе жасаған деп пайымдауға жеткілікті негіз болған жағдайларды есептемегенде, оларға қатысты жария емес тергеу амалдарын жүргізуге тыйым салады. 

Адвокаттың әрекетін саралау туралы қаулыны прокурор ғана бекітетін болады.

14. Жобада Украинаның ҚІЖК ұқсастық бойынша барлық аудандық және оларға теңестірілген прокуратураларға «іс жүргізетін прокурор» фигурасын (прокурор көмекшсінің штат бірлігі базасында) енгізу көзделген.

Іс жүргізетін прокурор сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап іс бойынша соңғы шешім қабылдағанға дейін қылмыстық іс бойынша заңдардың сақталуын қадағалауды және мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыратын болады.   Іс жүргізетін прокурор ауыстырылмайды.

Нақты істерді қадағалауға бекітілген қатардағы прокурорлардың жауапкершіліктерін арттырудан басқа қылмыстық істер бойынша іс жүргізу шешімдерін тергеушілермен және анықтаушылармен келісу мүмкіндігі едәуір оңайлатылатын болады. Мәселен, іс жүргізетін прокурордың өкілетттері өзге де міндеттемелермен қатар қылмыстық теріс қылық туралы хаттаманы бекітуге, істі сотқа жолдауға және т.б. кіретін болады.   

Бұл ретте, прокуратура органдарының басшыларына айырықша мынадай өкілеттіктер сақталған:

1) ынтымақтастық туралы іс жүргізу келісімін жасау;

2) қылмыстық қудалау органдарының, төмен тұрған (бағыныстағы) прокурордың заңсыз қаулыларының күшін жою;

3) адамнан не сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын органнан қылмыстық істі алып қою және оны сотқа дейінгі тергеу іс жүргізуі үшін басқа адамға не органға беру;

4) қылмыстық қудалаудан иммунитетке ие адамдардың иммунитеттерін алып тастауға және оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізу;

5) қылмыстық істерді қарау мерзімдерін ұзарту;

6) Қылмыстық іс жүргізу кодексімен тікелей көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру (мысалы, жария емес тергеу амалдарына санкция беруге және тергеушінің тергеу судясына берген өтінішіне келісім беруге, яғни, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қозғайтын іс жүргізу амалдарына байланысты).

15. Қылмыс жасауға кінәлі адамнан өндіріп алынатын, сондай-ақ қылмыстық жолмен табылған тәркіленген мүліктерді сатудан түскен міндетті төлемдер есебінен қалыптастырылатын   жәбірленушінің зиянын өтеудің арнаулы қорын құру болжанып отыр.

16. Жәбірленушілердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандарға қатысты күш қолдануға немесе оны қолданамын деп қорқытуға байланысты құқық бұзушылықтар және оларға қатысты құқық бұзушылықтар жасаған кезде күдіктіге жақындауға тыйым салуды көздейтін іс жүргізушілік мәжбүрлеу шарасы енгізілді.

17. «Тергеудің ақылға қонымды мерзімі» деген ұғым енгізілді.

Бұл бұрынғы интервалдарда сақталғандай тергеудің және азаматтарды ұстаудың мерзімдерін бақылау мен қадағалауды қылмыстық процестен алып тастауды білдіреді.

Аталған новелла азаматтарға тергеудің негізсіз созбалануын сотқа шағымданға және оны барынша қысқа мерзімде аяқтауды талап етуге мүмкіндік береді.

18. Жобаның «Қылмыстық іс жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық» деген 12-бөлімі пысықталды (Бөлім 2-ден 5-тарауға дейін кеңейтіліп, қолданыстағы редакциядағы 22-баптың орнына 55-баптан тұрады.

Онда:

1) қылмыстық істер бойынша шет мемлекеттердің құзырлы мекемелерімен және лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл тәртібі неғұрлым анық нақтыланған;

2) өзара көмек қағидасы негізінде құқықтық көмек көрсету туралы тиісті сауалдарды жолдау және қарау тәртібі тәптіштелген;

3) есі кіреслі-шығасылы күйінде қоғамдық қауіпті әрекет жасаған психикалық ауытқулары бар адамдарды ұстап беру бойынша құзырлы орган, сондай-ақ қолданыстағы ҚІЖК реттелмеген, осындай адамдарды беру туралы сауалдар мен өтініштерді қарау тәртібі айқындалған;

4) трансұлттық қылмыстарды тергеу үшін халықаралық жедел-тергеу топтарын құру көзделген;

Жобада сондай-ақ қолданыстағы халықаралық шарттардың жекелеген ережелері имплементацияланды.

19. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарға ие адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеудің басталуына қатысты норма пысықталды, қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды және хабарламаны тіркеген соң Бас Прокурордың келісімімен ғана жалғастыру көзделеді.

20. Жобада Украинаның тәжірибесі бойынша іс бойынша іс жүргізудің аяқталуы жөнінде тараптардың өздері сотта дәлелдемелер ретінде пайдалануға ниет білдірген материалдармен, заттармен және құжаттармен танысуға мүмкіндік беруді міндеттейтін норма енгізілді, олай болмаған жағдайда сот оларға дәлелдемелер ретінде рұқсат бере алмайды.

Аталған норма процесте тараптардың позицияларын даярлау үшін және сот процесінің өзіне кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді.

21. Қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеу ӘҚБК ұқсастық бойынша олардың іс жүргізулерін оңайлата отырып, хаттамалық нысан бойынша жүргізілетін болады. Бұл ретте, оларды сотқа жолдауды іс жүргізетін прокурор жүзеге асыратын болады.

22. Сот актілеріне оларды апелляциялық сатыда алдын-ала қарамастан кассациялық тәртіпте шағым беруге шектеу белгіленді және тиісінше сот актісі оларды кассациялық сатыда алдын-ала қарамастан қадағалау сатысына шағымдалмайды.

23. Жаңа Қылмыстық кодекстің жобасында көзделген бітімгерлік және медиациялық рәсімдердің артуымен қатар жаңа редакциядапғы ҚІЖК жобасында жеке және жеке-көпшілік айыптау қылмыстарының санаттарын арттыру жолымен бітімгерлікке келу негіздемелері кеңейтілген:

- айыптау жеке тәртіпте жүзеге асырылатын қылмыстардың саны 10-нан 14-ке дейін артты;

-жеке-көпшілік айыптау құқық бұзушылықтарының саны шамамен екі есеге немесе 20-дан 39-ға дейін артты.

________________________________________________

Тұтастай алғанда, заң жобасын қабылдаудан күтілетін тиімділік азаматтардың сенім артуы деңгейін арттыру, соттың өкілеттіктерін кеңейту, іс жүргізуді үнемдеу және түрме адамдарының индексін азайту болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.