You are here

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және прокуратура органдарының құрылған күніне арналған Бас прокуратураның спорттық іс-шараларының қорытындылары туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қаласы, 2012 жылғы 23 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және прокуратура органдарының құрылған күніне арналған еліміздің прокуратура органдарының командалары арасында мини-футбол мен волейбол бойынша өткен ведомстволық чемпионат аяқталды.

Жарысқа республикамыздың прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің құрама командалары қатысты, оның ішінде волейболдан әйелдердің құрамасы да өздерін көрсетті.

Мини-футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогының иегері болып Бас Прокурордың құрама командасы алға шықты, екінші орынды Алматы облысы прокуратурасының командасы жеңіп алды. Үшінші жүлделі орын Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының командасына берілді.

Жарысты ұйымдастырушылар «үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Кеншібаев Қуанышты (Алматы облысы прокуратурасының командасы) жеңімпаз деп тапты. «Үздік қорғаушы» болып Шитенов Арман танылса (Бас әскери прокуратураның командасы), ал «Үздік қақпашы» номинациясы Таужанов Ерболдың (Бас Прокурордың командасы) еншісіне тиді.

Ерлер арасында волейболдан өткен ойынның қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогының иегері болып Ақмола облысы прокуратурасының командасы танылды. Екінші орынды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы иеленді. Үшінші жүлделі орын Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасының командасына бұйырды.

Әйелдер арасында волейболдан өткен ойынның қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогының иегері болып Оңтүстік-Шығыс аймағының прокуратура органдарының құрама командасы атанды. Екінші орын – Бас прокуратураның командасына, үшінші орын Солтүстік-Батыс аймағының прокуратура органдарының құрама командасына берілді.

Жарысқа белсенді қатысқаны үшін грамоталармен төртінші орын алған Орталық аймағының әйелдер командасының ойыншылары марапатталды.

Бірінші орындарды алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табыс етілді. Үздік номинациялардың иелеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Прокуратура органдарында спорт пен салуатты өмір салтын насихаттау және оны дамытуда жарыстардың ерекше рөл атқаратынын прокурорлар ерекше атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.