You are here

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана, 2014 жылғы 28 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Бас Прокурор Ұлт көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттіліктің қалыптасуы жолындағы баға жетпес еңбегіне тоқтала отырып, тәуелсіз Қазақстанның тарихы, еліміздің жетістіктері мен табыстары оның атымен тығыз байланысты екендігін атап көрсетті.

Президенттің басшылығымен Қазақстан халықаралық кеңістікте өзінің лайықты орнын алып, заманауи әлемдік саясаттың маңызды мүшесіне айналды. Еліміздің егемендігін нығайту, ішкі және сыртқы саясаттағы стратегиялық басымдықтарды, ғаламдық және аймақтық бастамаларды жүзеге асыру жөніндегі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы батыл бастамалары қоғамда орасан қолдау тауып, барша халықаралық қауымдастықтың алдында асқақ абыройға ие болды.

Экономикадағы ілгерілеушілік пен саясаттағы оң өзгерістер ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдағы ауызбіршілікті сақтауға негіз салып, азаматтық қоғамның одан әрі қарқынды дамуының берік іргетасын қалады.

Осынау ұлы үдерісте құқық қорғау жүйесінің маңызды институттарының бірі болып табылатын Қазақстан прокуратурасының да қосатын үлесі мен алатын орын ерекше. Президентке тікелей есеп беретін орган ретінде прокуратура Ата Заңның мызғымастығын, азаматтардың құқықтарын қорғау және еліміздегі заңдылықтың жай-күйін қаматамсыз етудің маңызды құралы болып табылатындығын атап көрсетті А.Дауылбаев.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы "Жасампаз өмір тағлымы" атты деректі фильмді тамашалауға ұласты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.