You are here

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз баяны (Астана қ., 30 қараша 2016ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. 

Салтанатты іс-шараны ашқан Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель тәуелсіз және бүгінгі мемлекеттің қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтулы рөліне баса назар аударды. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарын, оның Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысының атымен тікелей байланысты жетістіктері мен жеңістерін ерекше атап өтті. 

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесі еліміздің маңызды да ұлық мерекелерінің бірі болып табылады және ел тағдырына жауапты адамға деген ерекше құрметті білдіреді.

Мемлекет басшысының ірі ауқымды бастамаларының арқасында, Қазақстан халықаралық аренада мойындалды және әлемдік қоғамдастықтың толық құқықты мүшесіне айналды. Біздің мемлекетіміздің ЕАЭО-ның, ШЫҰ-ның, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Ислам ынтымақтастық ұйымының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының төрағасы болуы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі болып сайлануы, және әйгілі халықаралық EXPO көрмесін өткізу орны ретінде белгіленуі Қазақстан мен оның Көшбасшысының жоғары беделін көрсетеді.

25 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ел егемендігін нығайту, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық басымдықтарын, ғаламдық және аймақтық бастамаларды іске асыру бойынша қызметі қоғамдық мойындау мен бүкіл халықаралық қоғамдастық құрметінің заңды нәтижесі болды.

«Президенттің бастамалары әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздікке қосқан сөзсіз үлес болды. Нұрсұлтан Назарбаев егемен Қазақстанның барлық жетістіктері есімімен байланысты адам ретінде, бүкіл қызметі өз халқына, өз Отанына қызмет етудің жарқын үлгісіне айналған, әлемдік деңгейдегі біртуар саясаткер ретінде мәңгілікке тарихқа енді» - деп сөзін қорытындылады И. Меркель.

Салтанатты іс-шараның қорытындысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильм көрсетілді және айтулы даталарға орай ұйымдастырылған спорттық жарыстардың жеңімпаздарына кубоктар мен дипломдар табысталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.