You are here

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салатантты жиналыс болып өтті.

Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы Мемлекет басшысының көрнекті рөлі мен еңбегін атап көрсете отырып, Бас Прокурор тәуелсіз Қазақстанның тарихы, өткен жылдарда жеткен жетістіктері оның негізін қалаушы және көшбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты екеніне тоқталды.

Қазақстан бүкіл халық болып сайлаған Президентінің жетекшілігімен экономикалық табысты, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасты. Мемлекет басшысының даналығы мен саяси ерік-жігері тәуелсіздік алғаннан кейін туындаған қиындықтарды игеруге, еліміздің экономикалық дамуының дәйекті стратегиясын қабылдауға мүмкіндік берді.

Осы жылдары Қазақстан халықаралық алаңда танымал болып, қазіргі әлемдік саясаттың елеулі қатысушысына айналды. Еліміздің егемендігін нығайтудағы, ішкі және сыртқы саясаттың стратегиялық басым бағыттарын, ғаламдық және өңірлік бастамаларды жүзеге асырудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың көпқырлы қызметін барлық халықаралық қауымдастық мойындады. Оның жарқын куәсі – Қазақстан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесіне және беделді EXPO халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде сайлануы болды.

Еліміздің Президенті мейрамның алдында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнап, онда әлемдік дағдарыс жағдайында еліміздің жаңа стратегиялық даму басымдықтарын айқындады.

Еліміздің көшбасшысының жаңа бастамаларының маңыздылығын атап көрсете отырып, Бас Прокурор прокуратура органдарының жеке құрамына Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауының барлық ережелерінің мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын толыққанды жүзеге асыруына көмек көрсету тапсырылды. 

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті туралы деректі фильмді көрумен аяқталды.    

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.