You are here

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 14 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада еліміздің ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев салтанатты іс-шараны аша отырып, тәуелсіздік жылдарында елімізде және қоғамда үлкен өзгерістер болғанын және олардың мемлекеттің одан әрі даму жолдарын анықтап бергенін атап өтті. Мемлекет басшысы жүргізіп отырған саясаттың нәтижесінде Қазақстан маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен құқықтық реформаларды жүргізуде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде біздің еліміз әлемдік аренада лайықты орнын алды, Қазақстанды бейбітшілік сүйгіш және қарқынды дамушы мемлекет ретінде бүкіл әлем таниды.

Қадағалау қызметін жетілдіру ісінде де айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта прокуратура органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделерін күзете отырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Прокурорлардың өз құқықтары мен міндеттерін мінсіз атқаруы және олардың жасампаз еңбектері мемлекеттің жетістіктерін сақтауға және алға қойылған жоғары мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп атап көрсетті А.Дауылбаев.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты және заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосқандары үшін прокуратура органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері Президенттің Жарлығымен жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов, Павлодар облысының прокуроры Дастан Сартаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Степан Зайтлер, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ибраһим Иманов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің, Бас прокуратураның департамент басшылары Ұлықбек Патсаев және Әсет Шындалиев ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегерлері атанды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Бас прокуратура Департаменті бастығының орынбасары Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның дербес Басқармаларының басшылары Алмас Мұхаметжанов және Абай Увайдильдинов, Бас прокуратура Департаментінің Басқарма басшылары Арман Аяғанова және Анна Жданова, Бас Прокурордың аға көмекшісі Гүлнәр Әбдірова, Астана қаласы прокурорының орынбасары Алмат Байшолақов, Алматы қаласы прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев, Өскемен қаласы прокурорының орынбасары Олег Глазунов, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры Хали Маматаев наградталды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Бас прокуратура Департаменті бастығының орынбасары Әли Жәрдемов, Бас Прокурордың көмекшісі Райлә Манаспаева, Маңғыстау көлік прокуроры Ғалым Байғонысов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы Ертілеу Жалғасбаев, ҚСжАЕК Алматы қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары Ақмарал Қыдырова, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Рысбек Тұрбашов, Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Ғалия Жұмаева, Атырау облысы прокуратурасының бас маманы Бақтылы Қошанова марапатталды. 

Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградаларды тапсырған Бас Прокурор қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіптің орын алуы көбінесе прокуратура органдары қызметінің тиімділігіне байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғандары үшін және ұлттық мейрамның құрметіне орай  прокуратура органдарының жекелеген басшылары мен қызметкерлері ведомстволық наградалармен, төсбелгілермен, Құрмет грамотасымен және Бас Прокурордың алғыс хатымен марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге сыныптық шендер мен әскери атақтар марапаттау тәртібімен мерзімінен бұрын берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.