You are here

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2012 жылғы 13 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурор өз сөзінде тәуелсіздік кезеңінде Мемлекет басшысының кемел және салиқалы саясатының негізінде біздің еліміздің қоғам өмірінің көптеген саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін, әлемдік қауымдастықтың лайықты мойындап отырғанын атап көрсетті. «Қазақстанның тәуелсіздігі жылдарында прокуратура да елеулі жетістіктерге жетті, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге салмақты үлес қосты. Мемлекет басшысының прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыра отырып, бүгінгі таңда прокуратура азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, еңбек және басқа да конституциялық құқықтарын қорғауда сенімді ақтап келеді», – деп атап көрсетті А.Дауылбаев.

Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосқандары үшін прокуратура органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Бас Прокурордың орынбасарлары Нұрмаханбет Исаев және Андрей Кравченко ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталды, олар осы жоғары мемлекеттік наградаларды Ақордада ресми марапаттау кезінде Мемлекет басшысының қолынан алды.

Сондай-ақ, Бас прокуратурадағы салтанатты жиналыстың барысында Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысының атынан салтанатты жағдайда еліміздің прокуратура органдарының қызметкерлеріне наградаларды табыс етті. Сөйтіп, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Бағбан Тайымбетов, «Құрмет» орденімен Бас Прокурор Аппаратының басшысы Асқар Әмірин, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Бас прокуратураның департамент бастығы Қанат Сейітғаппаров және Қапшағай гарнизонының әскери прокуроры Бейсенбек Әбілдин наградталды.

Сондай-ақ, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Бас прокуратураның жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары Сабыр Абельдинов, Ақмола облысы Сандықтау ауданының прокуроры Владимир Афанасьев, Жамбыл облысы прокуратурасының басқармасы бастығының орынбасары Рахметулла Ахметов, Бас көлік прокурорының аға көмекшісі Айгүл Есболатова, Бас прокуратураның басқарма бастығы Ләззат Жанысова, Бас прокуратураның басқарма бастығы Тұрсын Ибраева, Бас прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Мейрамбек Каныбеков, Екібастұз қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Гүлнар Қарабаева, Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры Қанат Мамаев, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Абдухат Мырзалин, Семей қаласы прокурорының орынбасары Әділжан Сүттібаев, Бас көлік прокуратурасының басқарма бастығы Мейрам Таутенов, Талдықорған қаласының прокуроры Кенжалы Үсіпбаев наградталды.

Сонымен қатар, облыс прокуратураларының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.