You are here

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының Түркияға жасаған сапарына қатысты Баспасөз-парақшасы (4 шілде 2013 жыл, Анкара қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Түркия Республикасына сапары болып өтті, сапар аясында Әділет министр Садуллах Эргинмен келіссөздер жүргізілді.

Кездесудің нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында сотталған адамдарды беру туралы Келісімге қол қою болды.

Кездесу барысында, тараптар екі ел арасында қалыптасқан екіжақты қарым-қатынас деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдірді және ынтымақтастықтың болашағын одан әрі дамыту туралы пікір алысты. Тараптар халықаралық және аумақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заманауи стратегиялық міндеттерді бірлесіп шешудің өзектілігі артандығын атап өтті.

Қазақстанның Бас Прокуроры кол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз-конференциясында қол қойылған мемлекетаралық Келісім екі мемлкеттің құқық қорғау органдарының ынтымақтастығын күшейтуге бағытталғанын және қылмыстылыққа қарсы күрес пен заңдылықты қамтамасыз ету мен құқықтық тәртіп жұмысына маңызды үлес болатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, А. Дауылбаев осы тектес құжатқа қол қою Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің өсіп келетіндігіне дәлел екендігін және елімізде адам құқықтары мен бостандықтары бойынша жалпыға бірдей танылған стандарттарының құруын атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның Бас Прокуроры Түркия Республикасының Бас прокуроры Хасан Эрбильмен кездесті. Кездесу кезінде тараптар аумақтық қауіпсіздік сұрақтарымен трансұлттық қылмыстылық бойынша пікір алмасып, алдында жасалған шарттардың жүзеге асыру жолдарын талқылап, болашақтағы қарым-қатынас жолдарын одан әрі дамытуды белгіледі.

Кездесу барысында Түркия Республикасында Қазақстанның құқық қорғау органдарымен террорлық актыны дайындау және оны жасау   сонымен қоса ұйымдасқан қылмыстық топқа мүше болғаны үшін іздеуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау сұрақатары талқыланды. Тараптар аталған тұлғаларды іздеп табу сұрақтарында барынша көмек көрсетуге уағдаласты.

Қазіргі уақытта Түркияда Қазақстанның 4006 азаматы тұрып жатыр, оның ішінде 784-і студент болса, 748-і жұмыс істеп жатыр, қалған 2475-і жеке сапармен. Былтыр Түркияға Қазақстандық 350 мың саяхатшы барған. Дәл осы мезгілде Қазақстанға 44 544 түркиялық азаматтар келген, ағымдағы жылдың 3 айында бұл көрсеткіш 10 122 азаматты құраған.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.