You are here

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Монғолияның Бас прокуроры арасындағы екіжақты кездесу туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 14 қаңтар 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Қазақстанның Бас прокуроры Асхат Дауылбаев пен Монғолияның Бас прокуроры Дамбии Дорлигжавтың кездесуі болып өтті.

А.Дауылбаев өз сөзінде екі ел арасындағы заңдылықты күшейту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелерінде Монғолияның құзырлы органдарымен жемісті ынтымақтастықты жоғары бағалады. Ол бұл сапар Қазақстан мен Монғолияның қадағалау органдары арасында қалыптасқан өзара әрекеттесуді әрі қарай дамыту жолындағы маңызды қадам, сондай-ақ қазіргі қарым-қатынастарды нығайтуға тараптардың мүдделілікерін қуаттау болып табылатынын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Бас прокуроры шетелдік әріптестерін Қазақстан прокуратурасы қызметіндегі басым бағыттармен, халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайту саласындағы жұмыстармен таныстырды.    

Кездесу барысында сындарлы сұхбат орын алды және өзекті ведомствоаралық мәселелер, атап айтқанда, қылмыстылыққа қарсы күрес, сондай-ақ  шарттық-құқықтық базаны кеңейту салаларындағы мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Әнгімелесушілер атап өткендей, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазіргі заманғы стратегиялық міндеттемелер аясында трансұлттық қылмысқа қарсы күресте бірлескен міндеттерді шешу үшін күш-жігерлерді әрі қарай жұмылдыру маңыздылығы артып отыр.

Өз кезегінде, Монғолияның Бас прокуроры қазақстандық әріптесін көрсетілген жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін білдірді.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Монғолияның бас прокуратуралары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен бірге, Д.Дорлигжав бастаған шетелдік қонақтар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне барып, оның жаңа  жетістіктерімен танысты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.