You are here

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры БҰҰ-ның өкілімен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры БҰҰ-ның өкілімен кездесті - 2137514406

Астана, 2017 жыл 30 қазан. Бас Прокуратурада Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Вена бөлімшесінің директоры, БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының Атқарушы директоры Юрий Федотовпен кездесті.

Кездесу барысында  Бас Прокурор БҰҰ Басқармасына Қазақстанның бастамаларына халықаралық алаңда қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, сондай-ақ Басқарманың халықаралық терроризммен күрестегі рөлін атап өтті.

«Лаңкестер өз қатарына жаңа мүшелерді заманауи тәсілдер мен еліктіру құралдарын қолдану арқылы тартады. «Лаңкестік ұяшықтар» құрылуда». Аталған ұяшықтар Еуропа және басқа елдерде лаңкестік шабуылдар жасады. Олардың әрекеті Қазақстанға да әсер етті. Аталған жаһандық мәселемен күресуде барлық мемлекеттердің бірлескен күші қажет», - деп атап өтті Жақып Асанов.

Тараптардың пікірі бойынша, Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою (Вена, 2017 жылғы сәуір) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен БҰҰ Басқармасы арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға жаңаша серпін берді. Мәселен, Басқарманың тікелей қолдауымен құрылған Аймақтық хабтың Орталық Азия аймағында дамуы, өркендеуі және танымал болуы.

Сонымен қатар БҰҰ-ның делегациясы Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығы және Жобалық кеңсе жұмысымен танысты.

Тараптар терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тренингтер ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мүмкіндігін талқылады.

Федотов мырза қазақстандық тарапқа қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдірді және алдағы уақытта екі жақты қарым-қатынасты құқықтық салада кеңейтуге мүдделілік білдірді.

«Жоспарланған іс-шаралар өзара сенім және қылмыспен күрес саласындағы ортақ мақсаттар мен міндеттерді түсінісу негізінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде конструктивті өзара әрекеттесуді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенемін», - деп қорытындылады Ж.Асанов.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
рress@prokuror.kz
712819
712766

 

Анықтамалық: А.ж. сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың Аустрияға сапары барысында БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотовпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Аталған құжаттың аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында Өңірлік хаб құрылды.

Бұл құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері бес жаһандық қауіпке қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибесі мен озық технологияларын үйренетін Орталық Азиядағы бірыңғай алаң. Олар:

1) экстремизм мен терроризм;

2) есірткі мен қарудың заңсыз айналымы;

3) адам саудасы;

4) киберқылмыстылық;

5) сыбайлас жемқорлық.

Толығырақ:http://www.prokuror.gov.kz/rus/novosti/press-releasy/podpisan-memorandum-mezhdu-generalnoy-prokuraturoy-kazahstana-i-oon-gvena-11.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.