You are here

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі мен құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияның ашылуында сөйлеген сөзі (2016 жылдың 4 наурызы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Халықаралық конференцияның барлық қатысушыларына қошемет көрсеткеніме және оның жұмысының екінші күнінің басталғаны туралы жариялағаныма қуаныштымын.

Құрметті әріптестер, кеше күн тәртібінде азаматтық процестегі жаңалықтар болды.

Бүгін қылмыстық-процестік заңнаманың новеллаларын талқылау міндеті тұр.

Бұл проблеманың өзектілігі талас тудырмайды, себебі қылмыстық процесте азаматтардың аса маңызды конституциялық құқықтары мен бостандықтары қорғалады, және кейде шектеледі.

Сондықтан еліміздің, сондай-ақ бірқатар еуропа мемлекеттерінің жетекші заңгерлері мен ғылым өкілдерінің басын қосқан халықаралық конференцияның маңызы ерекше.

Қазақстан тәуелсіздігі жылдары, ел Президенті бекіткен Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес, ұлттық заңнама реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті.

Атап айтқанда, аса маңызды кодификацияланған актілер – қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару, еңбек, бюджет және басқа да кодекстер әзірленді және бекітілді.

Тиянақты сот реформасы жүргізілді.

Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бірізділікпен жүзеге асырылып келеді.

Қазақстанның құқық қорғау органдарын жетілдірудің базалық басымдықтары айқындалды, олардың ішінде прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі деп танылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуы, жүріп жатқан жаһандану процестері мен халықаралық бірігу үрдістері бүкіл құқықтық жүйені одан әрі дамыту қажеттілігін тудырды.

Бас прокуратура Мемлекет басшысы бекіткен Ұлт жоспары «100 қадамды» іске асыруға белсене қатысып келеді.

Қадағалау практикасын ескере отырып, біз мембасқару және сот төрелігі жүйесін, оның ішінде прокуратура органдары жүйесін реформалару, сондай-ақ заңның үстемдігі принципін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар пакетін дайындадық, оларды Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия қолдады.

Реформалаудың кезекті және аса маңызды кезеңі ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің озық тәжірибесіне бағдарланған жаңа Қылмыстық-процестік кодекс болды.

Жаңа форматта құқық қорғау органдары өткен жыл бойы жұмыс істеді. Практика басталған реформалардың дұрыстығын растады.

Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша тергеу судьясы институты енгізілді, ол тәуелсіз сот бақылауының негізгі құралына айналды.

Қылмыстық іс қозғаудың формалды сатысы жеңілдетілді, процестік түрде жасырын іс-шаралар регламенттелді, келістіруші рәсімдер және азаматтардың құқықтарын қорғаудың өзге де прогрессивті тетіктері енгізілді.

Бұл сотқа дейінгі іс жүргізуді неғұрлым ашық және жедел етуге ықпал етті.

Сонымен қатар біз қылмыстық сот ісін одан әрі оңтайландыру жұмысын жалғастырудамыз.

Алдағы сессияларда сотқа дейінгі іс жүргізудің новеллаларын егжей-тегжейлі талқылау, шетелдік әріптестеріміздің ғылыми және практикалық тәжірибесімен танысу ұсынылады.

Біздің конструктивті диалогымыз алдағы бірлескен жұмысқа негіз болады деп ойлаймын.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.