You are here

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Юрий Пономаревтің кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 6 тамыз 2014 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін ағымдағы жылдың 7-8 тамызында өтуі жоспарланған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы шекаралас прокуратуралары басшыларының форумы аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Юрий Пономаревпен кездесуі болып өтті.

Тараптар екі елдің құқықтық саладағы жемісті ынтымақтастығын атап өтті. Кездесу барысында ерекше атап айтылғандай, Астанада қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт тұрғысынан трансұлттық қылмыстылықпен күрестегі ықпалдастықты күшейту қажеттілігі туындап отыр.

А.Дауылбаев Ресей Бас прокуратурасының басшылығына ЕЭО-дағы ынтымақтастық шеңберінде құқықтық саладағы қажетті құжаттар пакетіне қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.  

Осы орайда пікір алмасу барысында халықаралық-құқықтық саладағы ынтымақтастықты кеңейту және ықпалдастық тәртібін жеңілдету, сондай-ақ заңсыз көші-қон, есірткі қылмыстарымен күрес, діни экстремизм мен терроризм, киберқылмыстар, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және табиғи ресурстарды қорғау саласындағы қылмыстарға тосқауыл қоюда күш жігерді шоғырландыру және бірлескен шешімдер іздеу мәселелері көтерілді.

Қазақстанның Бас Прокуроры ортақ шекараның болуы қылмыспен күрес барысында шекаралас аймақтардың прокуратура органдарының тығыз ықпалдастығын талап ететіндігін және екі елдің прокуратура органдары қызметінің басым бағыты екендігін атап өтті.

Қадағалау органының басшысы сонымен қатар ресейлік әріптесін қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау бойынша қабылданып отырған шаралар, сот ісін жүргізудің жаңа формаларын енгізу, қылмыстық істерді тергеуді оңтайландыру жөнінде хабардар етті.

Ю.Пономарев жылы қабылдауға ризашылығын білдіріп, екі елдің қадағалау қызметінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін талқылау және алмасу мүмкіндігі үшін алғысын айтты.

Қазақстан Республикасы 
Бас прокуратурасының
баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.