You are here

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасындағы кездесу туралы баспасөз ақпараты (Астана қ, 19 шілде 2013ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Беларусь Республикасының Бас әскери прокуроры Александр Драницамен және Беларусь Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары – әскери алқаның төрағасы, аға әділет кеңесші Сергей Кондратьевпен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры, генерал-лейтенант Ерғали Мерзадинов те қатысты.

Кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымдағы, соның ішінде қылмыстылықпен күрес саласындағы мәселелер талқыланды. Тараптар өзара қол жеткізілген қарым-қатынастың деңгейіне қанағаттанатындықтарын білдірді.

 Бас Прокурор қонақтарды прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарымен таныстырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жасалып жатқан қадамдар туралы хабардар етті.

Жылы жүзді қабылдау мен мазмұнды ақпарат үшін алғысын білдірген А.Драница әскери қызметшілер арасындағы қылмыстылықтың алдын алу және оны болдырмау жөнінде және әскерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде беларустық әскери прокуратураның қадағалау қызметінде қолданылатын тәжірибемен бөлісті.   

Сұхбаттасқан тараптар бұл өткен кездесуді Қазақстан және Беларусь құқықтық жүйелерінің арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін неғұрлым жоғарлатуға қол жеткізуге жасалған қадам ретінде бағалады. 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.