You are here

Қазақстан Республикасының азаматын беру туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 21 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ерлан Қосаевты қылмыстық жаупкершілікке тарту үшін беру туралы сұрауын Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы қанағаттандырды. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 176-бабының 3-бөлігінің «а», «б»-тармақтары, 193-бабының 3-бөлігінің «б», «в»-тармақтары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.

Қылмыстық қудалау органы Е.Қосаевты 2005 жылдан 2008 жылға дейінгі аралықта ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында әрекет ете отырып, «БТА Банк» АҚ-ның ақшалай қаражатын ірі мөлшерде ұрлағаны, кейіннен оларды заңдастырғаны үшін айыптауда.

Қылмыс жасаған соң Қосаев қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүрді, сондықтан бірнеше жыл мемлекетаралық іздеуде болды.

Оны ресейлік құқық қорғау органдары Брянск қаласында ұстады.

Екі елдің Бас прокуратураларының жақсы жолға қойылған жұмысының және тиімді өзара іс-қимылының нәтижесінде Қосаевты Қазақстанға беру туралы шешім қабылданды.

Бүгін, 21 қыркүйекте Республика Бас Прокурорының нұсқауы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері Қосаевты Ресейден Қазақстан аумағына алып келді және ол Астана қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.