You are here

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы вебинар туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2015 жылғы 19 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада «Діндерді зерттеу орталықтарының ассоциациясы» ЗТБ-мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік тапсырысы бойынша ұйымдастырылған «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-конфессияаралық қарым-қатынастар» тақырыбындағы үш күндік вебинар жұмысын бастады.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев ашты.

Аталған вебинардың мақсаты діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ақпараттық-насихаттау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарға методологиялық көмек көрсету болып табылады.   

Спикер ретінде Мәскеу Мемориалдық мешітінің имам-хатыбы, Ресейдің Еуропалық бөлігі мұсылмандарының рухани басқармасы муфтиінің орынбасары Шамиль Аляутдинов шақырылды.

Ол жалпы тиражы 400 мың данадан асатын 30-дан аса кітаптың авторы болып табылады.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша жұмысқа жұмылдырылған орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлері қатысуда.

Сондай-ақ, бейнеконференциялық байланыс арқылы вебинарға прокуратура және басқа да құқық қорғау, арнаулы, уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың профилактикалық жұмысқа қатысатын өкілдері қатысуда. 

Аталған іс-шара оның қатысушыларына кейіннен кәсіби қызметінде пайдалану үшін өздерінің дінтану және психология саласындағы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.