You are here

Қазақстан Республикасындағы Франция Елшісінің Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына сапары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына Қазақстан Республикасыдағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Франсис Этьен келді. 

Оның Академия ректоры Ұлан Байжановпен кездесуі барысында Академияның әлемдік білім беру қауымдастығымен интеграциясы, шет елдік жетекші білім беру мекемелерімен ынтымақтастықты орнату және дамыту  жөніндегі ұсыныстар талқыланды.

Ректор құқық қорғау органдары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және іргелі ғылыми зерттеулер жүргізудегі Академияның стратегиялық бағыттарын атап көрсетті.  

Елші ғылым мен білімнің жаңа ведомоствоаралық мекемесінің қалыптасу процесіне үлкен қызығушылық танытты. Ол Франция және Қазақстан президенттерінің өткен жылғы кездесуінде білім беру, зерттеу жұмыстары және инновация, соның ішінде жоғары оқу орыны дәрежесіндегі ынтымақтастық екі жақты қарым-қатынастың маңызды басымдығы болып анықталғанын атап өтті.

Елші Академияның білім беру іс-шараларына қатысу, өзара бірлесіп ғылыми конференциялар өткізу, ғалымдармен, оқытушылармен және студенттермен алмасу үшін Францияның жетекші мамандарын тартуға қолдау көрсетуге әзір екенін, сондай-ақ Президенттік резервтің тыңдаушылары алдында дәріспен сөз сөйлеуге бастамашылық танытты.   

Сонымен бірге тараптар терроризмге және аймақтық эстремизмге,  трансшекаралық есірткі трафигіне, көлеңкелі экономикаға және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша өзара бірігіп зерттеулер ұйымдастыру және өткізу туралы келісімге келді.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.