You are here

Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың күшіне енуі туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылғы 4 сәуірде Қазақстан мен Ұлыбританияда Қазақстан Республикасы және Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарт күшіне енді. Құжатқа Мемлекет басшысының Ұлыбританияға 2015 жылғы 3 қарашадағы ресми сапары барысында қол қойылған.

Екі мемлекеттің парламенттері Шартты ағымдағы жылдың ақпанында ратификациялаған болатын.

Келісім қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелерін реттейді және қылмысты жасаған тұлғаның кінәсін дәлелдеуге, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүліктері мен табыстарын тәркілеуге қажетті процестік әрекеттердің толық кешенін өткізуді қарастырады.

Халықаралық құжат қылмыспен күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы қазақстандық-британдық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Оның іске асырылуы екі елдің құқық қорғау органдарының қылмыстылықтың алдын алу, анықтау және профилактикасы саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруға септігін тигізетін болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.