You are here

Қазақстан Республикасы жаңа Қылмыстық кодексі жобасы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі, 2013 жылғы 18 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

слайдты жүктеу

Қылмыстық кодекстің жобасын әзірлеу Мемлекет басшысының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралармен көзделген.

ҚК жобасында Жалпы және Ерекше бөліктерге бөлулер сақталған.

ҚК міндеттері оның Тұжырымдамасына сәйкес қалыптасқан қоғамдық қатынастарды трансформациялау қырынан қылмыстық-құқықтық қорғаудың пәрменді тетіктерін жаңғырту қажеттілігімен және жеке басты, қоғамды және мемлекетті балама қорғауды қамтамасыз ету үшін айқындалды.

ҚК жобасы барлығы 467-баптан тұрады.

1. Қылмыстардан ғана емес, соның ішінде қылмыстық теріс қылықтардан, соның ішінде қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың «тіркесіндегі» теріс қылықтардан тұратын қылмыстық жазаланатын әрекеттердің екібуынды жүйесі көзделген.

Бұл ретте, қылмыстық теріс қылықтар үшін жазалардың жеткілікті кең спектрі көзделген.

Бұл қылмыстармен және оларға тектес теріс қылықтардың алдын-алуды күшейтеді, олардың қоғамдық қауіптілігінің деңгейін, тиісінше жазалардың ара-жігін неғұрлым анық ажырататын болады деп пайымдаймыз.

Қылмыстық жазаланатын әрекеттердің екібуынды жүйесі көптеген еуропа елдерінде - Германияда, Испанияда, Австрияда, Голландияда, Норвегияда, Чехияда, Албанияда, Литвадажәне басқа да елдерде тиімді жұмыс істеп келеді.

Барлығы 171 қылмыстық теріс қылық көзделген, олардың 58-і ӘҚБК құрамынан, 9-ы жаңа, 104-і онша ауыр емес қылмыстардың қолданыстағы құрамынан қарастырылған.

Теріс қылықтар үшін соттау көзделмеген.

Ең бастысы ірі ақшалай айыппұлдар салу, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі бас бостандығынан айыруға балама шараларды неғұрлым кең қолдануға аса назар аударылған.

Қылмыстар жасағаны үшін санкциялардағы жазалау тізбесіне негізінен мөлшері артылған айыппұлдар белгіленген, ал оны қолдану саласы адам өліміне әкелуге байланысы жоқ ауыр емес және ауырлығы орташа барлық қылмыстарға кеңейтілген.

ҚК жобасында қамауда ұстау және түзеу жұмыстарын орындау тәртібі өзгертілген, олар айыппұлға жақын балама ретінде белгіленген және бюджетке төленуге жататын соманың нақты мөлшерімен есептеледі.

Бостандығын шектеу сияқты жазалаудың осындай түрін қолдану саласы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстардың барлығына, сондай-ақ ауыр қылмыстардың бөліктеріне қолданылады.Осылайша жазалау сотталғанның пробациялық бақылауда болуын, сондай-ақ оны қоғамдық пайдалы жұмыстарға тартуды қарастырады, ол қылмыстан кейінгі тәртіптің түзелуін күшейтуге ықпал етеді.

Егер кінәлі адам өз әрекетімен келтірген залалды толық өтейтін болса, экономикалық қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға тыйым салынады.

Мемлекет басшысының қылмыстық саясатты ырықтандыру туралы тапсырмасын орындау үшін кейбір экономикалық қылмыстар (қасақана жалған жарнама жасау, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімінің жүйесін құрайтын құжаттар мен мәліметтерді жоғалту құрамы) қылмыстан арылтылды.

2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын, жобаның Тұжырымдамасын орындау үшін сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамдарға белгілі бір қызметтерді атқаруға өмір бақи тыйым салу көзделді, парақорлық үшін санкция күшейтілді.

Кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың санкциялары да күшейтілді, жасөспірімдерге қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды балалармен жұмыс жасауға байланысты қызметпен өмір бойы айналысуға тыйым салынды.

Медициналық қылмыстар туралы, сондай-ақ қолдан жасалған дәрілік заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы арнаулы тарау енгізілді.

Біздің мемлекетіміз халықаралық міндеттемелерін орындай отырып, киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиісті деңгейін қамтамасыз етуі үшін компьютерлік қылмыстар туралы жеке тарау енгізілді.

Экстремизм және терроризм көріністері, радикалдық идеологияларды таратқаны, соның ішінде жаңа технологияларды пайдалана отырып  таратқаны үшін қылмыстық жауаптылық күшейтілді.

Есірткі құралдары мен оларға ұқсас заттардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылық туралы нормалардың құрылымы өзгертілді және елеулі түрде реформаланды.

Атап айтқанда, осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар ҚК-тің жобасына қылмыстық теріс қылық ретінде ауыстырылды, ал қолданыстағы ҚК-гі есірткінің айналымы туралы нормалар сату немесе сатпау мақсатына қарамастан осы қылмыстық әрекеттер үшін жауапкершілік қарастыратын жекелеген құрамға құқық қолдануға ыңғайлы болу үшін бөліп алынды.

Көліктік қылмыстар үшін, әсіресе оларды мас күйде жасағаны үшін жауаптылық күшейтілді, ал көлік құралын жүргізу құқығынан айыру мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды.

Атап айтқанда, жүргізушінің автокөлік құралдарын мас күйінде жүргізуі, ал бұл ретте денсаулыққа түрлі ауырлық дәрежесіндегі  зиян келтіру – оны саралайтын құрамдармен ҚК жобасындағы жеке-дара бап ретінде бөліп алынды.

ҚК жобасында қылмыстың қайталануна деген көзқарас елеулі түрде өзгертілді.

Енді өтелмеген жазалары, ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алып тасталмаған соттылығы ғана қылмыстың қайталануы ретінде есептелетін болады,  қолданыстағы ҚК көзделгендей ауырлығы аз қылмыстары үшін соттылығы ескерілмейтн болады.

Адамның өмірі мен денсаулығы үшін ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәулет, қала салу және құрылыс қызметінің барлық кезеңдерінде абайсызда адам өліміне не өзге де ауыр салдарларға әкеп соққан осы саладағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Қазақстан бекіткен халықаралық құқық нормаларын имплементациялау үшін жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерьлер) құрғаны, қарулы қақтығыстар уақытында халықаралық гуманитарлық құқық нормаларын қылмыстық бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Қолданыстағы ҚК-пен салыстырғанда адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босату негіздемесі кеңейтілді (іс жүргізу келісімі, кепілгерлік кезінде).

«Түрме адамдарын» қысқарту мақсатында ҚК жобасы шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын толықтай қайта пысықтады.

Халықтың осал топтарына (жүкті, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған ерлер, зейнеткерлер) шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін неғұрлым жұмсақ, «мардымсыз» жағдайлар қарастырылған.

Жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған,  уақытпен және тәжірибемен ақталған негізгі қылмыстық-құқықтық институттар сақталды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.