You are here

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жобалары туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 29 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының Өкімімен бекітілген Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру аясында ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының келесі жобаларын әзірледі:

«Сот бойынша ақталған адамға, қылмыстық істі қысқарту туралы соттың, қылмыстық қудалау органының қаулысы шығарылған күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянды төлеу  қағидаларын бекіту туралы»;

«Кепілді қабылдау, сақтау, өткізу және мемлекет кірісіне айналдыру тәртібі туралы ережені бекіту туралы»;

«Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық iстерi туралы құжаттарды, ұлттық және шетел валюталық ақшаны, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы ережені бекіту туралы».

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының жобалары Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылған және көпшіліктің кеңінен талқылауына ұсынылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.