Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы шекаралас прокурорларының кездесуі туралы (Тараз қ., 2016 ж. 7 қазан)

07 қазан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Таразда Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің  Қырғыз Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Людмила Усмановамен кездесуі өтті.

Сонымен қатар келіссөзге Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралас прокурорлары қатысты.

 Тараптар сотталған адамдарды беру, заңсыз көші-қонмен күресте күш біріктіру мен ортақ шешімді іздеу, сонымен бірге шекаралас ынтымақтастық  мәселелерін талқылады.

Келіссөз кезеңінде И.Меркель сотталған адамдарды әрі қарай жазасын өтеу үшін азаматы болып табылатын елге беру саласында жасалған жұмысты, екіжақты және көпжақты шарттық-құқықтық базаның кеңейтілгенін атап өтті.

Тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан мен Қырғызстан шекаралас аймақтарының өзара әрекеттестігінің ерекше өзектілігін атап өтті және екіжақты қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу