You are here

Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы және сотталған адамдарды тапсыру туралы шарттаға қол қойылғаны туралы баспасөз ақпараты (Мадрид қ., 21-22 қараша 2012 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Испанияға сапары болды, оның барысында Испания Корольдігінің Әділет министрі Альберто Руис-Гальярдонмен келіссөздер жүргізілді.

Кездесу нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы және сотталған адамдарды тапсыру туралы шарттаға қол қойылды.

Қазақстанның бас қадағалау органы басшысының айтуынша, осы оқиға өзінің мәні бойынша қылмысқа қарсы халықаралық күрес саласындағы «Еуропаға жасалған серпіліс» болып табылады, өйткені Испания бүгінгі танда қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың толық топтамасы жасалған алғашқы еуропалық мемлекет болып отыр.

Өткен жылы жазда испандық тарап қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы мемлекетаралық келісімге қол қойған болатын, бұл өз кезегінде қылмыспен күрес саласындағы қазақстандық-испандық ынтымақтастықтың бастамасы ретінде болғанын естеріңізге сала кетейік.

Кездесу барысында тараптар орнатылған екіжақты қарым-қатынастарға ризашылықтарын білдіріп, өзара ынтымақтастықтың болашағын талқылады. Әңгімелесушілер халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қаматамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттемелердің шеңберінде осы заманғы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға өзара күш-жігерлерін шоғырландырудың өзектілігі артып келе жатқанын атап өтті.

Қол қою рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихаты кезінде Қазақстанның Бас Прокуроры қол қойылған құжаттар екі мемлекеттің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және қылмыстылықпен күрес қызметіне, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге маңызды үлес қосуға бағытталғанын ерекше атап көрсетті.

Сондай-ақ А.Дауылбаев осындай шарттарды жасасу Қазақстанның құқықтық жүйесіне Еуропа сенімінің өсіп келе жатқанының және елімізде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдігін қамтамасыз ету тетіктерінің жалпыға танылған стандарттарының жасалғанының куәсі ретінде болып отырғанын айтты.

Сапар барысында Қазақстанның Бас Прокуроры Испания Парламенті Сенаты Спикерінің бірінші орынбасары, Қазақстанның достары клубының Төрағасы Хаун Хосе Лукас Хименеспен кездесті. Кездесуде тараптар аймақтық қауіпсіздік бойынша пікір алмасып, трансұлттық қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған өзара үйлестірілген іс-қимылдардың маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен бірге А.Дауылбаев Испанияның Бас прокуроры Эдуардо Торрес-Дульсемен кездесу өткізді. Тараптар қол қойылған шарттарды іске асыруға қатысты мәселелерді талқыға салып, екі елдің қадағалау органдарының қалыптасуы мен дамуының тәжірибесі туралы ақпаратпен алмасты, сондай-ақ өзара ынтымақтастықтың болашағын жоспарлады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.