You are here

Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім-шартқа қол қою туралы баспасөз ақпараты (6 маусым 2013 жыл, Астана қ.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Чех Республикасының Әділет министрі Павел Блажек пен Бас прокуроры Павел Земанның Қазақстан Республикасына сапары болды.

Сапардың басты нәтижесі Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасында Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойылу болды. Шартқа қол қою қазақстандық және чехтық құзырлы органдарға өзара  белсенді құқықтық көмек көрсетуге рұқсат береді, ол өзіне қылмыстық қудалауды, дәлелдемелерді жинауды, қудалау және жаза сұрау салушы тараптың юрисдикциясына жататын қылмыстылыққа қатысты соттық талқылау.

Тараптар атап өткендей, құжатқа қол қою екіжақты құқықтық қатынасты едәуір жаңа деңгейге шығарады және шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейіп күшейуіне ынталандырады. 

Асхат Дауылбаев Қазақстанмен трансұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық ынтымақтастық маңызды құрал ретінде қарастырылатындығын және мемлекетаралық шартқа қол қою заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы қалыптасқан жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуына маңызды қадам болып табылатындығын атап өтті.

Кездесудің маңыздың тақырыбы болып қылмыстық жолмен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, сонымен бірге ұйымдасқан қылмыс саласындағы тәжірибемен алмасу ынтымақтастығын тереңдету болды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.