You are here

Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шартқа қол қою туралы (Вашингтон қаласы, 2015 жылғы 20 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың АҚШ-қа сапары шеңберінде АҚШ Бас прокурорының орынбасары Брюс Шварцпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге, сондай-ақ қалыптасқан әріптестікті одан әрі дамыту үшін шарттық-құқықтық негізді нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.

Сұхбаттасушылар зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жасау бойынша болып өткен саммит жөнінде пікір алмасты. Тараптар осындай ғаламдық форумның өткізілуі жаңа әлемнің қауіп-қатерлерінің алдын-алу бойынша тиісті шаралар дайындауда елеулі қадам болып саналатынын атап өтті.

Сондай-ақ тараптар ведомствоаралық қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге, Қазақстан және АҚШ құқықтық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты жоғары деңгейге жеткізуге дайын екендіктерін білдірді.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қою Қазақстан Бас Прокуроры А.Дауылбаевтың АҚШ-қа жасаған сапарының қорытындысы болды. Бұл Америка Құрама Штаттарының Орталық Азия елдерімен қол қойған осы сипаттағы алғашқы келісімі.

Тараптар атап өткендей, құжатқа қол қою қылмыстылыққа қарсы тұру саласындағы екіжақты әріптестікті нығайтудағы маңызды қадам екендігін, екі жақтың да қылмыстық-құқықтық саладағы құзіретті органдарының жұмыс тиімділігін арттыруға ықпалдастық ететін болады.

Қазақстан Бас Прокуроры келісімге қол қоюдың қазақстандық-америкалық құқықтық ынтымақтастықты нығайтудағы, қылмыспен күресудегі екі елдің күштерін жұмылдырудағы тарихи маңызды әрі елеулі оқиға болып табылатынын атап көрсетті.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету қылмыспен күресудегі маңызды элемент болып табылады және өзара ықпалдастықты тереңдетуде кең мүмкіндіктер ашады.

Қазақстан және АҚШ құқық қорғау органдары арасында қазіргі таңда сапалы жағынан жаңа деңгейге көтеріліп отырған өзара тиімді ынтымақтастықтың динамикалық тәжірибесі қалыптасқан. Сондықтан да осы оқиға Қазақстанның құқықтық жүйесіне деген сенімнің артуының, елдегі демократиялық институттарды қалыптастырудағы, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етудің жалпыға танылған тетіктерін құрудағы жетістіктерін мойындаудың сөзсіз айғағы болып табылады.

Келісімге қол қою, екі елдің ішкі мемлекеттік рәсімдері аяқталған соң, қазақстандық және америкалық уәкілетті органдардың тергеу, қылмыстық қудалау және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында, сонымен қатар қылмыстық істерге қатысты тексерулер жүргізу бойынша бір-біріне белсенді құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Құқықтық көмек көрсету туралы тараптардың өзара сұраныстарын орындауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі өзара іс-қимылды нығайту және әрекет етуші тетіктерді құру мәселесі ерекше маңыздылыққа ие бола бастайды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.