You are here

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 28 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Президенттің 2010 жылғы 17 тамыздағы Жарлығымен құқық қорғау және сот жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары анықталған.

Олардың арасында мемлекеттің және оның азаматтарының өмірлік маңызды мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша өндірісті одан әрі жеңілдету және оның жеделдігін арттыру мәселелері бар.

Кейінгі уақытта осы мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылды және кейбір нәтижелерге қол жеткізілді. «Медиация туралы» Заң қабылданды, сотқа дейінгі жеңілдетілген өндіріс саласы құрамына ауыр қылмыстарды да қоса отырып, айтарлықтай кеңейтілді.

Бірақ та Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген өзгерістер қылмыстық процестегі сотқа дейінгі өндірістің тиімділігіне және азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауға теріс әсерін тигізетін шектен тыс қолайсыздықтарын аяғына дейін жоя алмады, осыған орай жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін дайындау қажеттілігі туындады.

Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасында тергеуге дейінгі тексерулер, тергеушінің айып тағуы, соттың істі қосымша тексеруге қайтаруы деп аталатын институттар алып тасталды. Сотқа дейінгі іс жүргізу түбегейлі оңтайландырылды, «сотқа дейінгі тексеру» деген ұғым енгізілді, куәгерлерді тарту және техникалық құралдарды қолдану мәселелері регламенттелді. Адамның конституциялық немесе өзге де құқығы мен бостандығын қозғайтын барлық тергеу іс-әрекеттері прокурордың және соттың санкциясымен жүргізілетін болады.

Қылмыстық процеске процессуалдық келісім жасау жолымен тергеу нысаны, сондай-ақ сотқа дейінгі тексеру сатысында бірқатар өкілеттіктер берілген тергеуші судьяның процессуалдық фигурасы енгізілді.

ҚІЖК жобасының жаңа редакциясымен жұмыста ГФР, Франция, Балтық жағалауы елдері (Эстония, Латвия), Түркия, Грузия тәрізді құқықтың континенталдық жүйесі елдерінің, сондай-ақ Украина және Молдова тәрізді ТМД елдерінің тәжірибелері пайдаланылған.

Жаңа ҚІЖК-ні қабылдау қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың құқықтарының жоғары деңгейде қорғалуын қамтамасыз ете отырып, қылмысты тергеуді түбегейлі жеңілдетеді және жеделдетеді.

Жаңа ҚІЖК жобасының редакциясы Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылған және ғалымдар мен тәжірибелі заңгерлерді қоса алғандағы көпшіліктің кеңінен талқылауына ұсынылады. (http://prokuror.gov.kz/kaz/kuzhattar/normativtik-kukyktyk-aktilerdin-zho...)

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.