You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша саммит жұмысына қатысуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақ үйдің бастамасымен АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті ғимаратында Зорлық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша Саммит болып өтті, оған дүниежүзінен 60-тан аса делегация, соның ішінде мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, азаматтық қоғамның өкілдері, сарапшылар, дін басшылары және жастар қатысты. Аталмыш форумда қазақстандық делегацияға Бас Прокурор Асхат Дауылбаев жетекшілік етті.

Саммиттің ашылу салтанатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри және БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун сөз сөйледі. Форумның бірінші сессиясынан соң АҚШ Президенті Барак Обама баяндама жасады.

Форумның басты мақсаты Зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет жоспарын әзірлеу болып табылады, бұл жоспар БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекет басшыларының кездесуінде қабылданады деп күтілуде.

Күн тәртібінде қозғалған негізгі тақырыптар зорлық экстремизм дамуының алдын-алу, оның басты қозғаушы күшін жою, қауіпсіз қауымдастықтар құруға қатысты мәселелер болды.

Форумда сөз сөйлеу барысында А.Дауылбаев зорлық экстремизмнің барлық түрлерінің алдын-алу және оларға қарсы күресуде әлемнің барлық елдерінің күшін жұмылдыру идеясын қолдай отырып, елімізде экстремизм мен терроризмнің алдын-алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Бас Прокурор атап өткендей, халықаралық қауіпсіздікке қатер туғызатын экстремизм мен терроризм тосқауыл қоюдың жаңа тәсілдерін және әлемдік қауымдастықтың неғұрлым терең интеграциясын талап етеді. А.Дауылбаевтың пікірінше, ортақ күш радикалды идеологияны таратудың алдын-алу және жоюға, экстремизм мен терроризм профилактикасының тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуға, әскери іс-қимылдарға қатысу үшін азаматтардың шетелдерге шығуына жол бермеуге, өзге елдер территориясында жасырынуға тырысқан радикалды элементтерді уақтылы іздестіру және қамауға алуға, терроризмді қаржыландыру фактілеріне жол бермеуге бағытталуы тиіс.

Сөз соңында Бас Прокурор зорлық экстремизм бойынша келесі аймақтық саммитті осы жылы Астана қаласында өткізуді ұсынды.

Форумның қорытындысы бойынша Бірлескен коммюнике қабылданып, онда қатысушылар зорлық экстремизмнің барлық түрлеріне қарсы күресуге өздерінің шынайы ниетін білдірді, сонымен қатар қоғамның радикалдануына қарсы тұруда әлемдік қауымдастықтың күшін жандандыру қажеттігін атап айтты.

Осыған орай, экстремизммен күресте азаматтық қоғамның, сондай-ақ жастардың, әйелдердің, діни, мәдени және білім беру ұйымдары басшыларының рөлі өте зор екендігі айтылды. Әлеуметтік, экономикалық және саяси саладағы, әсіресе зорлық экстремизмге төтеп бере алмайтын азшылыққа қатысты мәселелерді шешуге аса назар аударылды.

Отырысқа қатысушылардың ортақ пікірінше, Вашингтон саммиті экстремизмді тарату және насихаттауға қарсы әрекет етудің жалпыға ортақ бағдарламасын әзірлеуге және оның алдын алу бойынша тиісті шараларды дайындауға бағытталған дүниежүзі бойынша өтетін аймақтық кездесулер мен басқа да іс-шаралардың бастамасы болып табылады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.