Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Жемқорлыққа қарсы органдарының халықаралық қауымдастығының Бас хатшысымен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана, 26 маусым 2014 ж.)

26 маусым 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Жемқорлыққа қарсы органдарының халықаралық қауымдастығының Бас хатшысы, Қытай Халық Республикасы Жоғарғы Халық прокуратурасының Қудалау комитетінің мүшесі Йе Фенгпен кездесуі өтті.

Бас Прокурор қонақты прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында қолданып отырған нақты шаралары жөнінде хабардар етті. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетті. Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстары жүргізілуде, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға бағытталған шаралар қабылдануда.

Тараптар сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты. Йе Фенг болып өткен кездесуді маңызды ретінде қарастыратынын айтып, жемқорлықпен күрес саласындағы белсенді өзара ықпалдастыққа ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ А.Дауылбаев Қазақстан Бас прокуратурасының ашықтығын және осы бағыттағы одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін растады.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу