Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Венеция комиссиясының төрағасымен өткен кездесуі жөнінде баспасөз ақпараты (Астана қ., 29 тамыз 2013ж.)

29 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Құқық арқылы демократия үшін Еуропа комиссиясының (Венеция комиссиясы) Президенті Джанни Букиккиомен кездесуі болып өтті.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды сұрақтары талқыланды. Тараптар өзара әрекеттесу аясының одан әрі кеңейуіне мүдделі екендіктерін растады.

А.Дауылбаев сұхбаттасын Бас прокуратура қызметінің басты бағыттары жөнінде хабардар етіп, екіжақты және көпжақты форматта халықаралық-құқықтық ынтымақтасты кеңейту Қазақстанның прокуратура органдары қызметінің басты бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Ол сонымен қоса құқық қорғау жүйесін реформалау сұрақтарына тоқталып, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің жаңа редакциясына байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Венеция комиссиясының төрағасы мазмұнды ақпаратқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан Республикасының Конституциясы Күніне арналған ғылыми-практикалық конференция барысында өткен кездесудің жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дамуына маңызды қадам болатындығын атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу