You are here

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Аймақтық үйлестірушісімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 23 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлыбританияның Қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесті.

Сұхбаттың негізгі тақырыбы киберқылмысқа қарсы тұру саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі болды. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде бірлескен жедел-іздестіру шараларын жүргізу, құқықтық көмек көрсету, ақпарат және тәжірибе алмасу, екі ведомство арасындағы байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

А.Дауылбаев Қазақстан мен Ұлыбританияның құқықтық жүйелері арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан Ұлыбританияның заманауи әлемдегі қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы тәжірибесінің молдығын атап өтті. Ол киберқылмыспен күрестегі өзара ықпалдастықты тереңдетудің өзектілігін атап өтті және интернет-индустрияның киберқорғанысы саласындағы британдық алдыңғы қатарлы тәжірибені зерттеуге қатысты мүдделілігін растады.

Сондай-ақ Қазақстанның Бас Прокуроры өзаралық қағидасы негізінде құқықтық көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелері туралы да сөз болды.

Аймақтық үйлестіруші қазақстандық прокуратураның мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы қызметін жоғары бағалай отырып, заңдылық пен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ стратегиялық міндеттерге байланысты мүдделі ынтымақтастық мәселелерін жалғастыра беруге деген ықыласын білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.