Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Ұлыбританиядағы екіжақты кездесулері туралы (Лондон қаласы, 2015 жылғы 24 ақпан)

24 ақпан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ұлыбританияға сапары барысында Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Ұлыбритания Азаматтық әділет және құқықтық саясат мемлекеттік министрі лорд Эдвард Фолкспен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Еуропа Кеңесінің конвенцияларына қосылуы, Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қоюы, пенитенциарлық жүйе бойынша тәжірибе алмасуы туралы нақты мәселелер, сонымен қатар зорлық экстремизммен және терроризммен күресу бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Екі жақтың келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңнамасымен танысу, сондай-ақ Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт мәтінін дайындау және келісу мақсатында британдандық тарап Қазақстанға сарапшылар тобын жіберетін болды.

Сұхбаттасушылар Лондонда өткен Дүниежүзілік құқықтық саммит алаңының заң үстемдігін, әділеттілікке қолжетімділік және тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу